Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Жылына 300 мың тонна»: Түркістан облысының әкімі өңірге инвестиция тарту бойынша Түркияның атақты компаниясымен келіссөз жүргізді

2 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында жылына 300 мың тонна көкеніс өсіретін алып жылыжай салынбақ. Халықтың әл-ауқатын арттырып, табысын көбейтуге бағытталған алып жоба шетелдік инвесторлардың қаражаты арқылы іске аспақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркияның атақты «Alarko Holding» компаниясының өкілдерімен екіжақты кезедсу өткізді. Атап айтқанда, «ALSERA KZ» ЖШС-нің директоры Гюнай Гокалппен кездесіп, әріптестік орнату, инвестиция тарту жөнінде келіссөздкер жүргізді. Нарықта 30 жылдық тәжірибесі бар компания Сайрам ауданында 100 га аумаққа заманауи жылыжай кешенін салып, қызанақ егетін болды.

Келешекте Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында және оңтүстік аудандарда жылыжай ауқымын арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ экзотикалық көкөніс түрлерін өсіруді көздейді. Нәтижесінде Түркістан облысында жылыжай көлемі ұлғайып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Облыс әкімі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетін айтты.

«Бүгін бізге бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр. Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті өте жоғары. 5 жылдан астам уақытта өңірге шамамен 6,3 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Біздің өңір – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысы экономикасының негізгі драйвері. Біздің аймақтың климаты жыл бойы егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді. Өңірде еліміз бойынша мақтаның 100 пайызы, бақша дақылдарының 74,1 пайызы өсіріледі. Сонымен бірге 316,8 мың тонна жеміс, 1168,9 мың тонна көкөніс, 247,1 мың тонна ет өнімдері өнімдері өндіріледі. Жылыжайдың 70 пайыздан астамы Түркістан облысында орналасқан. Біздің өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – индустриалды аймақтар және «Turan» арнайы экономикалық аймағы. Дайын инфрақұрылыммен, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктермен, өнеркәсіптік ғимараттармен қамтимыз. Біздің өңірдің артықшылықтарын ескере отырып, сіздің компанияңыз үшін тұрақты өсу және бизнесті кеңейту мүмкіндігін ұсынғымыз келеді. Түркістан облысының әкімдігі тарапынан толық қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы бауырлас Түркия елімен бірге Түркістанда ауқымды жобалар жүзеге асқанын да атап өтті. Гюнай Гокалп Қазақстанның әлеуеті жоғары екеніне тоқталып, ұтымды ұсыныстар бойынша әріптестік орнатуды қарастыратынын жеткізді. Өңірдің мүмкіндіктерімен танысуға мүдделі екенін айтты.

«Кездесу қорытындысы бойынша келіссөзді жақын арада жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Alarko Holding» – көлік, мұнай-газ секторы, энергетика, өнеркәсіп, туризм, жерге орналастыру саласындағы жобаларды инвестициялайтын және іске асыратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Сонымен қатар өткен жылы бұл холдинг инвестициялаудың жаңа бағытына, атап айтқанда ауыл шаруашылығы жобаларына да бет бұрды», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Корпоративтік даму шеңберінде 2030 жылға дейін ауыл шаруашылығы мен азық-түлік секторына инвестиция салмақ. Ең алдымен жылыжай шаруашылығына, минералды тыңайтқыштарға, азық-түлікті өңдеуге және сатуға, сондай-ақ ауылшаруашылық технологияларына назар аударуда. 2023 жылдың мамырында «Alarko Holding» Түркияда жылыжай алаңдарын бөлу жұмысы басталғанын жариялады. 2028 жылға қарай компания шамамен 5 000 000 м2 жылыжайда 300 000 тонна көкөніс пен жеміс өндіруді жоспарлап отыр.

Дархан Сатыбалды жылыжай кәсіпорын Түркістан облысы

Оқылып жатыр

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

Алматы облысында 1000 түйеден құралған керуен Гиннес рекордын жаңартты

Соңғы жазбалар

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.