Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
  • Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
  • Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
  • 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
  • Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды
  • «Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған
  • Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді
  • Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «АЛАШ аманаты»: SANA FOUNDATION Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасын өткізді

«АЛАШ аманаты»: SANA FOUNDATION Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасын өткізді

5 Маусым, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мамыр айының 31-ші жұлдызында SANA FOUNDATION ұйымдастыруымен «АЛАШ аманаты» атты кезекті қоғамдық лекция өтті. Шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Кездесу бұрын соңды ұйымдастырылмаған форматта, Алаш зиялылары туралы қызықты тарихи оқиғалар, оларға байланысты соңғы зерттеулер мен Алаш Орда меценаттары және тағы да басқа өзекті тақырыптар қамтыды.

Жалпы саны 240 адамды қамтыған шара көрерменнің көңілінен шығып, 4 сағаттан аса жалғасты. Айта кетерлігі, кешке Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Амандық Шаймерден мырза да келіп, өзінің үлкен бағасын берді.

Ашық алаңда халықпен кездесуге театр және кино актері — Байғали Есеналиев, алаштанушы, «Қыр баласы» Қоғамдық Қорының негізін қалаушы  — Елдос Тоқтарбай, «Міржақып. Оян қазақ», «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмінің продюсері, режисері — Айсауле Әбілда, Мұрат Есжан сынды қоғам қайраткерлері спикер болды.

«Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмінде басты рөлді сомдаған Байғали Есеналиев актер үшін әрбір рөлді сомдауда, сол бір рөл иесіндей тыныстау керегін айтып, түсірілім барысындағы есте қаларлық сәттермен бөлісті. Ұлттық кодты құратын ұлттық идеология екенін айта отырып, фильмнен Ахмет ұлт ұстазының сөзін келтірді:

«Адамның идеясы болу керек. Сол идея тірі болса, адамның да өлмегені. Міне, мазмұн! Ұлттық идея деген осы!», — деді. Сондай-ақ, қазір қоғамға Абайды зерттегендей Мұхтарлар керегін айтты. Сол кезде Алаш аманаты қайта қолданысқа енетін болады.

Продюсер Айсауле Әбілда әлем инфраструктурасы мен Джек Лондон сынды әдебиеті өкілдерімен Алаш қозғалысын қатар салыстыра жасаған зерттеуімен бөлісті. Бір тұлғаның бүгін жасаған жақсылығы — ертеңгі ұрпақтың қатардан қалмай өмір сүруіне себеп. Оны тең емес және салыстыруға келмейтін жағдайлар негізінде жасалған жұмыстарын құнсыздандыруға болмайды. Бұнымен күресудің жалғыз жолы — өз ұлтыңның зиялыларын толық тану, олардың ерліктерін түсіну және келер ұрпаққа дәріптеу.

«Алаш элитасы: ұлттық интеллигенция, меценаттық корпус» турасында сөз сөйлеген белгілі алаштанушы Елдос Тоқтарбай қазақтың ұлт зиялылары — нағыз элита екенін атап өте келе, сол ұлт зиялыларының барлық жағдайын жасап берген сол заманның байларының меценаттық корпусының мықтылығын тілге тиек етті.

Меценаттық корпус сол кездің өзінде филантроптық деңгейге жетіп, қазақ байларының ел болашағы жолында жүрген азаматтарды қолдауының маңыздылығын көрсетті. Алаштанушы, өз кезегінде, ұлттық – әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландырған байлар сынды бүгіндегі кәсіпкерлердің де үлкен маңызы барын басып айтты.

Қоғам үшін бүгінде ұлттық рухты ояту бәрінен маңызды әрі биік екенін айта отырып, осы мақсатта ұлт зиялыларының ерен еңбектерін оқуды тоқтатпау керек. Әр істе өз салаңның мықты маманы болуға шақырған Елдос Тоқтарбай ұлт көсемдерін мақтан тұтып, олардың айтылмай жатқан барлық қырларын толық ашып, жастарға өнеге-өсиет қылуға шақырды.

Сонымен қатар, шара демеушілері қатарында Отандық кеңсе өнімдерін өндіруші Olja Peak компаниясы, «Ахмет Байтұрсынов. Соңғы үкім» фильмінің атқарушы тобы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» Kazakh Cinema болды.

Еске салсақ шара ұйымдастырушысы SANA FOUNDATION –  қазақ кәсіпкерлігі мен ғылымын трендке айналдыру жолында жұмыс жасап жатқан Қоғамдық Қор. Қор кәсіпкерлік сананы қалыптастырып, білім – орта – өзгеріс құндылықтарын басшылыққа алады. Ортақ алаң бола отырып, SANA FOUNDATION ағартушылық жолында бірқатар жұмыстар атқаруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқылып жатыр

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

Соңғы жазбалар

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 Қыркүйек, 2025

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

16 Қыркүйек, 2025

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

16 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

16 Қыркүйек, 2025

Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

16 Қыркүйек, 2025

Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды

16 Қыркүйек, 2025

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.