Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды

16 Қазан, 2025

«Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды

16 Қазан, 2025

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды
  • «Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды
  • Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады
  • БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
  • Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды
  • Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді
  • 9 градус суық, үсік жүреді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Сайрам ауданында «BELLA MEBEL» брендімен жұмыс істейтін жиһаз фабрикасы жүзден астам адамды жұмыспен қамтып отыр

10 Маусым, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында «BELLA MEBEL» брендімен өнім шығаратын жиһаз фабрикасының өнімдеріне сұраныс артты. Жиһаз фабрикасы 2017 жылдың мамыр айынан бастап іске қосылған. Қазір мұнда жүзден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Сапалы, бірегей тауар шығарып, көпшіліктің ықыласына бөленіп үлгірген компанияға деген сұраныс күн санап артып келеді.

«Жиһаз шығару ісі – отбасылық идея, отбасылық бизнес. Бұрыннан осы салада кәсіпкерлікпен айналасып келеміз. Бастапқыда Сербия мен Италияда жасалған жиһаздарды көтерме бағада саттық. Осылай бізге бұл істі бастауға ерекше құлшыныс, ықылас оянды. Кейін шетелдік, отандық бұйымдарды зерттеп, талдап брендтік атаумен өнім шығаруға бел будық. Бүгінде жұмысымызыдң нәтижесі жаман емес. Материалға қажетті заттарды Германия мен Италиядан алдырамыз, Одан бөлек өз еліміздің өнімдерінен де кеңінен пайдаланамыз. Қажетті мамандар өз еліміздікі. Есесіне 100-ден аса адам жұмыспен қамтылып отыр. Мұнда  үздік ағаш ұсталары және оған көмекшілер, қажетті мамандар бар. Бренд деп шетелке ынтыққанымызбен дәл сол өнімдерді сапалы етіп өзіміз де жасай алатынымызға көзіміз жетті. Бағасы да қолжетімді. Қыз ұзатып, келін түсіріп шапқылаудан бөлек, бұйымдарын түгендеу де үлкен шаруа. Қыруар қаржыны талап етеді. Сондықтан әрбір ата-анаға алған тауары сапалы, қалтаға қонымды болғаны да тиімді. Осы мәселелерді де барынша ескердік»,- дейді  «BELLA MEBEL» жиһаз фабрикасының  басшысы Дилдора Нуриддинова.

Бүгінде компания Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі жиһаз нарығында өз орнын ойып тұрып алды деуге болады. Бұл отбасылық бизнеске Дилдора Нуриддинова көп кәсіпкерлер сияқты саудадан келген.

Қазір мұнда «Заманауи», «Неоклассика», «Дәстүрлі классика», «Прованс» және «Винтаж» секілді стильдегі жұмсақ жиһаздың 120 түрі шығады. Компания жиһаз өндірісіндегі айналым қаражатын толықтыру үшін жылына 21,75%-бен 2022 жылы «ForteBank»-тен несие алыпты.  «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында оның 13,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

«BELLA MEBEL» жиһаз фабрикасындағы өнімдер шынында да сапалы екен. Қажетті жиһаздардың кең таңдауы бар. Заманауи үлгіде жасалған. Айтарлықтай қалтаға ауыр емес. Әрине, қымбат түрлерін де алуға болады. Оның өзі шетелдік басқа жиһазбен  салыстырғанда әлдеқайда арзанға түсіп тұр. Өз еліміздің өнімінің аты – өз еліміздікі. Осындай отандық өнімдер көбейсе таңдау да көбейеді, бәсекелестік дамиды, тіпті шетелге экспорттауға да мүмкіндіктер ашылады. Мемлекетіміз кәсіп бастайтын әрбір адамға барынша мүмкіндік ұсынып отыр ғой. Тиімді пайдаланып, осындай игі істермен өз брендімізді дамыта бергеніміз жөн. Кәсіпкерлердің қазіргі қадамы қуантады»,- дейді Ақсукент ауылының тұрғыны Шынар Қуандыққызы.

Хуснора Исмайлова да отандық жиһаз фабрикасынан алған жұмсақ диваны көңілінен шыққанын айтып отыр.

«Материалдарының сапасы мен әдемілігі көздің жауын алады. Алғашында өз өніміміз десе тосырқай қарағанымыз рас. Сатушылардың ұсынысын ақылға сала отырып, жұмсақ орындық кейіннен жатын бөлмеге диван алдық. Бәрі де сапалы, жақсы шықты. Қазір ұялмай, сенімді түрде туған-туыстарымызды осы тауарлар сататын сауда үйіне қарай  жөн сілтей береміз»,- дейді тұтынушы.

Қазіргі таңда   «BELLA MEBEL» жиһаз фабрикасынан шыққан тауарлар тек Түркістан облысы ғана емес республикадағы барлық аудан, қалаларға жөнелтіледі. Арнайы тапсырыс арқылы жасатуға да мүмкіндік қарастырылған.

Фабрика басшылығының айтуынша, алдағы уақытта шетелдік жиһаз фабрикаларымен тәжірибе алмаса отырып жасалатын өнімнің ауқымын кеңейту жоспарланған.

жиһаз Жұмыспен қамту Отандыө өнім Түркістан облысы

Оқылып жатыр

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Қазақстандағы доллар бағамы жаңа рекорд орнатты

Барлық қаржы құрылымдары жақында блокчейнге көшеді — сарапшылар

Соңғы жазбалар

«Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды

16 Қазан, 2025

«Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды

16 Қазан, 2025

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

16 Қазан, 2025

БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі

16 Қазан, 2025

Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды

16 Қазан, 2025

Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді

16 Қазан, 2025

9 градус суық, үсік жүреді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

16 Қазан, 2025

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.