Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті
  • «Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
  • Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
  • Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
  • 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
  • Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды
  • «Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында төрт балалы әке әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған
  • Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Түркістанда тағы 348 отбасы қоныс тойын тойлады

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Түркістанда тағы 348 отбасы қоныс тойын тойлады

20 марта, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мейрамы қарсаңында түркістандықтар қуанышқа кенелді. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 348 отбасына «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен пәтер кілттерін табыстап, тұрғындардың қуанышын бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.

Баспана иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты.

«Алдымен баршаңызды келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Бүгін біз ерекше қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Өзіміздің бауырларымыз, тұрғындарымыз қоныс тойын тойлайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды. Өңірде осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде. 2024 жылы шаһарда 961 отбасы баспаналы болды. 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 3519 тұрғын баспанамен қамтамасыз етілген. Ипотекалық және жеке үйлер де тапсырылуда. Мұның бәрі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Таяуда еліміздің рухани астанасы – Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді. Енді қаламыз, облысымыз бұдан да жоғары қарқында дамиды. Ал бүгін, Наурыз мерекесі қарсаңында тұрғындарға жаңа баспаналар табысталуда. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам. Біз алдағы уақытта да тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырамыз. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!» – деді Нұралхан Көшеров.

Осы күні Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан қала аумағынан сатып алынған 5 қабатты 348 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде, 168 баспана көпбалалы отбасыға, 180 пәтер әлеуметтік әлсіз топ санатына жататын азаматтарға табысталды.

Аймақ басшысы тұрғындармен бірге жаңа пәтерлерді аралап көрді. Қоныс тойын тойлаған азаматтар қуаныштарымен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Баспана кілттерін табыстау рәсімі алдында қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі өткізіліп, концерттік бағдарламаға ұласты. Киіз үйлер тігіліп, Наурыз мейрамы да атап өтілді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында төрт балалы әке әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

Соңғы жазбалар

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 Қыркүйек, 2025

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

16 Қыркүйек, 2025

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында төрт балалы әке әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

16 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

16 Қыркүйек, 2025

Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

16 Қыркүйек, 2025

Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.