Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Абай Құнанбайұлына – 180 жыл: Жетісуда Ұлы ақынның рухына тағзым етілді

10 Тамыз, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Талдықорған қаласындағы ақын ескерткішінің алдында мерекелік шара өткізіліп, ақын рухы ардақталды. Шараға облыс басшылығы, өңірдегі зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар өкілдері, облыс жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды todayinfo.kz

Бикен Римова атындағы драма театрының алдындағы алаңға жиналған қауым алдымен жергілікті актерлардың қатысуымен қойылған театрландырылған көрініске куә болды. Онда бала Абайдың дана Абайға айналу кезеңдері паш етілді. Ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, баба рухына тағзым жасалды.

Мұнан соң Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік аясында ұйымдастырылған «Өлең — сөздің патшасы» атты облыстық мүшәйрада жүлдегер атанған ақындар Қайрат Бестібаев, Мұхтар Күмісбек, Жомарт Игіман, Санжар Сұлтанғазы өздерінің арнау өлеңдерін, сол сияқты жергілікті «Мизам» әдебиет мектебінің шәкірттері ойшыл-ақынның өлеңдерін оқыды. Сол сияқты жергілікті өнерпаздар Абайдың әндерінен концерттік бағдарлама ұсынды.

— Абай – әлем ақыл-ойының алыбы. Елді бірлікке шақырған, еңбекке үнедеген, кемел адамның мінез-болмысын ашып берген адам. Сондықтан Абайдың мұрасы мәңгілік, – дейді мемлекет және қоғам қайраткері Жомартқали Жексенбинов.

— Абай өлеңдері – бізге мәңгілік темірқазық, оны біз өмір бойы оқуымыз керек. Жай оқымай түсініп, түйсініп оқуымыз керек. Абай тойы – барша елдің тойы. Бүгінгі шараға өскелең жастардың көптеп қатысқаны қуантады, — деді Қайрат Бестібаев.

Еске салсақ, мерейтой аясындағы онкүндік шеңберінде облыста бұған дейін ақындар мүшәйрасы, караокемен ән салу кеші, ұлттық спорт жарыстары т.б. бірқатар шаралар өткізілген болатын.

Фото: Жетісу облысының әкімдігі

180 жыл Абай Құнанбайұлы Жетісу облысы тағзым

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы облысында 1000 түйеден құралған керуен Гиннес рекордын жаңартты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1243 гектар аумақ тазартылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.