Бүгін Ақмола облысында қазақ ақыны, философ, халық ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында дәстүрлі «Бала ақын – жас дарын» аймақтық оқушылар айтысы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бізге жеткен бай мұрасын, рухани тағлымын өнеге ету, қазақтың төл өнерін жастар арасында насихаттау, өңірімізде айтыс өнерін одан әрі дамытып, сапалық деңгейін көтеру, оқушылардың суырыпсалмалық қабілеттерін шыңдау, талантты жас ақындардың ақындық шеберлігін жетілдіру, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау мақсатында өткізілді.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы Ақмола облысы әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының атынан жас ақындарды құттықтап, ЮНЕСКО қорғауындағы материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген айтыс өнерін жалғастырып жүрген буынға алғысын білдіре отырып, ағымдағы жылы облыста 1 халықаралық, 1 республикалық, 4 облыстық, 4 аудандық деңгеде барлығы 10 ақындар айтысы жоспарланғанын атап өтті.
Айтысқа Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарынан 14-18 жас аралығындағы 10 жас ақын хәкім мерейтойына арналған өнер жарысында Абай мұралары арқылы ұлт әдебиетінің табыстарын жырға қосты.
Айтыс қорытындысы бойынша Бас жүлде мен 250 000 теңге соммасындағы ақшалай сертификатты Нұрислам Рағат Қостанай облысының жас ақыны жеңіп алды.
Жүлделі І орын мен 200 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Ерейментау ауданынан Сәттібек Серікболат иеленсе, ІІ орын мен 150 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Бұланды ауданынан Сырым Хызырбекке бұйырды.
ІІІ орын мен 100 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Бұландын ауданынан Нұрғиса Елеш еншіледі.
Қалған қатысушылар аймақтық оқушылар айтысына белсене қатысқаны үшін ұйымдастыру алқасының дипломдары және 50 000 теңге ақшалай сертификатымен маратталды.