Алматы облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Тұғырлы туым» атты патриоттық жиын өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Шара әнұранның шырқалуы, мемлекеттік тудың көтерілуі және облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тілегімен басталды. Ол Қазақстан Республикасының рәміздерінің ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, шабыт беретінін атап өтті.
Жиын «Құлансаз» ансамблінің «Көк тудың желбірегені» әнімен жалғасты. Ән жиналғандардың жүрегін тебірентті. 30 байкерден тұратын мотоциклшілер шеруі өтті. Олар Мемлекеттік туды Іле ауданынан бастап Қонаев қаласының алаңына дейін жеткізді.
Іс-шара ретро көліктердің шеруімен аяқталды. Қонаев қаласының кіреберісінен орталық алаңға дейінгі шеруге Мұрат Сіргебаев та қатысты. Түскі сағат 12:00- 10 мыңнан астам тұрғындар Әнұранды шырқап, патриоттық күйге енді.
Марат Сұлтанғазиев барлық қазақстандықтарды құттықтап, рәміздерімізді қастерлеу әрбір азаматтың парызы екенін айтты. Сонымен қатар, өңіріміздің өркендеуін және еліміздің гүлденуін тіледі.
Облыс бойынша 300 астам мерекелік іс-шара өтіп, 23.000-нан астам қатысушы жиналды. Облыстың әр ауданында ту көтеріліп, әнұран шырқалды.
«Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әрбір азаматтың жүрегіндегі Отансүйгіштік сезімін күшейтеді». – деп сөзін аяқтады Марат Сұлтанғазиев.