Алматы қалалық кардиологиялық орталығында 66 жастағы науқасқа туа біткен жүрек ақауы – бикуспидті аорталық қақпақша диагнозы қойылған, деп хабарлайды Todayinfo.
Орталық мамандары жоспарлы хирургиялық араласу – кардиохирургиядағы ең күрделі операциялардың бірі Бентал Де-Боно операциясы туралы шешім қабылдады.
Бентал операциясы — бұл қолқа қақпағын ауыстыруды жүзеге асыратын жоғары технологиялық араласу.
Заманауи технологиялар бұл операцияны минималды кесу арқылы жасауға мүмкіндік береді, бұл араласудың жарақаттануын азайтады. Феморальды кануляция мен мини-стернотомия әдісін қолдану сүйек құрылымдарының тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді, бұл пациенттерге тезірек қалпына келуді және керемет косметикалық нәтиже береді.
Операцияны кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мүсірепов Нұржан Жидебайұлы сәтті орындады. Операция пациентке МӘМС аясында тегін орындалды.
«Мұндай күрделі хирургиялық араласулар біздің орталықта бұрыннан игерілген және сәтті жүзеге асырылуда», — деп атап өтті кардиохирург.
Мамандардың жоғары біліктілігі мен озық технологиялар бізге күрделі жүрек аурулары бар пациенттерге жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.