Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды
Фото: 716.kz Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық тергеу департаменті Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу салды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының мәліметінше, Сәдуақасовқа

Фото: 716.kz
Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық тергеу департаменті Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу салды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының мәліметінше, Сәдуақасовқа іздеу 2025 жылдың 5 ақпанынан бастап жарияланған.
Заңсыз пайдалы қазба өндіру ісі бойынша күдіктілер
Солтүстік Қазақстан облысындағы заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісінде Тимур Сәдуақасов төрт күдіктінің бірі ретінде тергелуде. Бұл істің негізгі айыпталушылары — Обухов тау-байыту комбинатының тең төрағасы Виктор Долгалев пен оның ұлы Данил Долгалев. Оларға жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айып тағылған.
Ал Тимур Сәдуақасов пен Санат Құрманбаевқа пара беруге итермелеу және алаяқтық баптары бойынша айып тағылып отыр.
Тимур Сәдуақасовтың еңбек жолы
Тимур Сәдуақасов – «Әділет» жоғары құқық мектебінің түлегі, заңгер мамандығын алған. Сонымен қатар, Көкшетау экономика және менеджмент институтында қаржы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленген.
Ол 2019 жылдың ақпан айында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Межпартийные теледебаты выйдут в эфире республиканских телеканалов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
БАҚ өкілдері ағартушылық жұмыс арқылы елдік мүддеге қызмет ету керек - Нұркен Асанов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жеребьевка в ЦИКе: в каком порядке партии будут представлены в бюллетене?
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Орталық сайлау комиссиясында жеребе тарту өтті: саяси партиялар сайлау бюллетенінде қандай ретпен орналасады?
Жаннұр Еділбаева·