«Қазақстан темір жолы» «ҰК» АҚ қарасты компанияның лауазымды басшылары ақша жымқырған, деп хабарлайды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Бас директорына, Бас директордың орынбасарына және цифрландыру бөлімінің менеджеріне қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов арнайы айтты.
«Басшылық пен қызметкерлер ЖШС филиалдарында бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтар кешенін сатып алуға бөлінген ақшалай қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Аталған тұлғалардың барлығы сотқа берілді», — деді ол.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
фото: bizmedia.kz
Todayinfo.kz