Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды

21 Қазан, 2025

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды
  • Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді
  • «82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды
  • Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды
  • Кенесары Ресей патшасының езгісін, әділетсіздікті терең түсінді — Бауыржан Момышұлы
  • Картоп тапшылығымен күреске бөлінген 5,1 млрд теңге қалай тиімсіз жұмсалды?
  • «Қалыңдық атандым»: Күйеуі қайтыс болған актриса Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын жариялады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Астанада газ тапшылығы бола ма? Энергетика министрлігі Орынбор зауытына қатысты мәлімдеме жасады

21 Қазан, 2025 Қоғам
Фото: yuz.uz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Энергетика министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған «Астана мен басқа да өңірлерде газ тапшылығы болуы мүмкін» деген ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

 

Астана мен өңірлер газсыз қалмайды

 

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта елдің газдандырылған аймақтарына, соның ішінде елордаға газ қалыпты режимде және ешқандай шектеусіз жеткізілуде.

«Газ жеткізудің тұрақтылығы алдын ала қарастырылған резервтік тетіктер арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Жеткізілмеген газ көлемі қолданыстағы келісімшарт аясында жедел түрде толықтырылуда. Сондықтан ішкі тұтынушылар, оның ішінде елордалық ЖЭО-да (Жылу электр орталығы) газ тапшылығы жоқ және болашақта да болмайды», — делінген ресми хабарламада.

 

Орынбор ГӨЗ-індегі жағдай қалай әсер етті?

 

Дүрбелеңге Ресейдің Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) шикізат қабылдаудың уақытша тоқтатылуы себеп болған. Алайда, Энергетика министрлігі бұл жағдайдың Қазақстанға газ жеткізуге тікелей әсер етпегенін атап өтті. Серіктестердің ақпараты бойынша, Орынбор зауыты жақын арада жұмысын қайта бастайды деп күтілуде.

Осы уақытша шектеулерге байланысты «Қарашығанақ» кен орнының операторы өндіру көлемін бақылаулы түрде азайтқан. Дегенмен, министрлік бұл шараның Қазақстанның ішкі нарығын газбен қамту міндеттемелеріне еш әсер етпейтінін қадап айтты. Зауыт қалыпты жұмысқа көшкеннен кейін, Қарашығанақтағы өндіріс көлемі жоспарланған деңгейге қайта оралады.

Ведомство барлық жағдай Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты бақылауында екенін еске салды. Энергетика министрлігі азаматтар мен БАҚ өкілдерін дүрбелеңге салынбай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

газ тапшылығы

Оқылып жатыр

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Экобелсенділер дабыл қақты: «Алматыда қоқыс жағу зауытын салу, экологияға төнген қатер»

Қыркүйекте Ұлттық қордан 357 млрд теңге шығын болған

Спорт сарапшысы: «Кезіндегі чемпиондар сұрамшақтанып, ақша, үй, көлік бермеді деп жүр»

Соңғы жазбалар

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды

21 Қазан, 2025

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

21 Қазан, 2025

«82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

21 Қазан, 2025

Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды

21 Қазан, 2025

Кенесары Ресей патшасының езгісін, әділетсіздікті терең түсінді — Бауыржан Момышұлы

21 Қазан, 2025

Картоп тапшылығымен күреске бөлінген 5,1 млрд теңге қалай тиімсіз жұмсалды?

21 Қазан, 2025

«Қалыңдық атандым»: Күйеуі қайтыс болған актриса Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын жариялады

21 Қазан, 2025

«Бәрін қаңылтырмен жауып қойған»: Көпбалалы ана «Асар Уме» қайырымдылық қоры апатты үй бергенін айтты

21 Қазан, 2025

Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қағып кетті

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.