Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

15 Шілде, 2025

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

15 Шілде, 2025

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

15 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған
  • Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді
  • Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді
  • Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр
  • «Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)
  • Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты
  • 100 мың жұмыс орны бос тұр, кадр жетіспейді — Олжас Бектенов
  • «Дене шынықтыру мамандары сұраныста болады»: IT маманы айлығы жоғары жұмыс табудың жолын айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 15 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Азамат Сатыбалды киноға қатысы жоқ адамдарды командасына алып келді» – Қазақфильм айналасында тағыыда дау шықты

«Азамат Сатыбалды киноға қатысы жоқ адамдарды командасына алып келді» — Қазақфильм айналасында тағыыда дау шықты

11 января, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Актер Қуандық Дүйсенбаев Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм”  киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптағанына наразылық білдірген, деп хабарлайды Todayinfo.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіні белсенді жүргізетін киностудия басшысы Азамат Сатыбалды соңғы уақыттары қытай автокөліктерін жарнамалап жүрген. Сәйкесінше жарнамасындағы көліктерге ұқсас қытай көліктерінің киностудия маңында қаптап кетуі оның әріптестерінің шымбайына батқан.

“Ер жігіт ер жігітті даттамайды, күндемейді. Мен Азамат Сатыбалдының артына түсіп алған азамат емеспін. Өзім осы киностудияда 12 жылдай қызмет етемін. Қазіргі киностудияның жағдайы мүшкіл болып тұр. Оған тікелей басшы кінәлі. Павильонның бағасын 250 пайызға көтеріп жіберді. Бұрын 200 мың теңге еді, қазір 750 мың теңге болды. Ал жалға алуда шаршы метрін 100 пайызға көтерді”, – деді актер Қуандық Дүйсенбаев.

Инстаграмында 700 мың оқырманы бар Сатыбалды қытай көліктерін сатып алуға қатысты соңғы уақытта жиі сторис салып, пост жариялап жүр.

“Білдей басшы. Үлкен басшы автокөлік жарнамалап жүр. Киностудияның штаттағы азаматтардың 20-30 пайызын ақысыз демалысқа жіберді.Себебі ақша жоқ дейді. Бірақ киноға қатысы жоқ, өндірісте жұмыс істемеген азаматтарды өзінің командасына алып келді. Қазір вице-президент Назым Есенбековна деген кісі отыр. Кинода бір минут та жұмыс істемеген. Бұл кісінің саясаты, жалпы өсірмеу, киностудияны өшіру ғой деймін”, – деді актер.

Жауап ретінде Азамат Сатыбалды бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда «ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі» дейді. Мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі дейді. Расында, киностудияның бюджеті тапшы екенін мойындады.

“Қазақфильмнің» президенті ретінде менің басты міндетім — 178 адамның айлығын тауып беру. Жалға беремін бе, өзімді сатамын ба, жоқ әлде басқа да жұмыс істеймін бе, менің міндетім. Сондықтан да барынша осындай жұмыстар арқылы 178 адамның айлығын тауып беруім керек. Бұл – кәдімгі таксопарк. Бұл жерде ешқандай да көлік сатылмайды. Бұл автосалон емес”, – деп мәлімдеді «Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалды.

Алайда ол келісімшартқа отырған компаниядан «Қазақфильм» бюджетіне қанша ақша түсетінін жауапсыз қалдырды. «Заңға қайшы ешнәрсе жоқ» дейді.

фото: ашық дереккөзден

Todayinfo.kz

Оқылып жатыр

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты

100 мың жұмыс орны бос тұр, кадр жетіспейді — Олжас Бектенов

«Дене шынықтыру мамандары сұраныста болады»: IT маманы айлығы жоғары жұмыс табудың жолын айтты

Соңғы жазбалар

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

15 Шілде, 2025

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

15 Шілде, 2025

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

15 Шілде, 2025

Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр

15 Шілде, 2025

«Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты

15 Шілде, 2025

100 мың жұмыс орны бос тұр, кадр жетіспейді — Олжас Бектенов

15 Шілде, 2025

«Дене шынықтыру мамандары сұраныста болады»: IT маманы айлығы жоғары жұмыс табудың жолын айтты

15 Шілде, 2025

Өзбекстан экономикасы Қазақстаннан 30 жыл артта қалған – экономист Бехзод Хошимов

15 Шілде, 2025

Сотта ашылған сорақылықтар: «Асар-Уме» қайырымдылық қоры 200 млн теңгені Перизат Қайраттың қорына аударған

15 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.