Қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан имамдардың уағыз айту арқылы мол пайдаға кенеліп жатқанын жазды. Жуырда уағызшы Қабылбек миллиард теңгеге «Отау» мейрамханасын ашқаны белгілі. Алайда, қоғам белсендісі терлеп еңбек етпей-ақ, уағыз айтумен мол қаражат тауып жүрген діншілдерді сынға алды, деп хабарлайды Todayinfo.
Әлеуметтік желінде діншілдердің қисынсыз әрекеттерін сынайтын Тортуыл Шоқан, халал деп мейрамханаларда жасалатын кейбір тағамдардың шындығында өтірік екенін дәлелдеді.
«Әлемжеліде мыңдаған жазылушысы бар бұған (Қабылбек) ресторан салу да, оны жүргізу де сөз болып па? Бұл ресторан тағы халяль дейді. Жә, стейктер жасау үшін керек ет Аргентина, Бразилия, Европа, Канададан әкелінеді.
Бұл малдың «о» жақта «бісміллә» деп бауыздалғанына кім кепілдік береді?», – деп жазды ол.
Тіптен ел ішінде сойылатын малдың етін де шариғаттың талабына сай келеді деу өзіңді өтірікке сендіру.
«Жергілікті мал етінде болуы мүмкін бруцеллез таяқшалары «бісміллә» десе жойылып кете ме?
Сүт тағамдары құрамында болуы мүмкін сальманеллез, т б ауруларды «бісмәллі» сөзі залалсыздандыра ала ма? Дәреті бар әтеш пен, дәреті бар тауық туған жұмыртқаны қайдан алмақ? Халал брендін ҚМДБ дан ақшаға аласың.
Бұл —тауарды легализиция ететін акциз сияқты, «тағамды жеуге болады» деп негізсіз айтылып берілетін белгі.
Болмаса ҚМДБ да тағам құрамына терең анализ жасайтын зертхана жоққой», — деп сынға алды Тортуыл Шоқан.
Әлеуметтік желі арқылы уағыз айтып, онсызда қоғамды түрлі діни топтарға бөліп тастаған діншілерден халық әбден зәрезеп болған. Тіптен оранып, тұмшаланып алатын адамдардың әрекеті Президент тарапынан да сынға ұшырады. Садақа мен қайырымдылық арқылы күн көретін мыңдаған уағызшы қоғамның тежеуші күшіне айналған.
«Бір бай еврей байлығы есебін сұрағанға «алғашқы млн долларымның есебін ғана бере алмаймын, қалғаны барғой..» депті. Сол сияқты Қабылбек те алғашқы ақшалары есебін бере алмаса керек. Адал ақшасына бизнес ашып— салығын төлеген кәсіпкерге алғыстан басқа айтасың ба?!
Ал, ұрпақты надастырудан жинаған қаражатына кәсіп ашып, оны тағы өзі надан қылған адамдар есебінен жүргізу—нағыз арамдық енді..», — деп сынады ол.