Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты

15 Маусым, 2025

«Басың жарылады, шаруаң болмасын»: Сәуле Әбілдаханқызы өткір жазбасымен тағы елді шулатты

15 Маусым, 2025

«Әлияның аянышты өлімі»: Бірін бірі құтқармақ болған қос ғашық суға кетті

15 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты
  • «Басың жарылады, шаруаң болмасын»: Сәуле Әбілдаханқызы өткір жазбасымен тағы елді шулатты
  • «Әлияның аянышты өлімі»: Бірін бірі құтқармақ болған қос ғашық суға кетті
  • «Темекі шегіп, ерегіскен»: такси жүргізушісін жолаушы өлтіріп кеткен
  • «Көмектесіңіздерші, ұлымды өлтіріп кетті»: Ақтауда ер адамның мәйіті табылды
  • Иран Израильмен қақтығысты тоқтатуға дайын — мемлекет өз шарттарын мәлімдеді
  • Батыр қылуға жол бермеймін: Қаржаубай Нұрымовтың отбасына желі арқылы қысым көрсеткен жігіт сотқа тартылды
  • «Ұлттың рухани тірегі»: Әзімбек Пазылбекұлы Түркістандағы мәдениет үйінің сапасын тексерді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 15 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Депутат: «Үшқоңыр тауын сай-саласымен бір адам меншіктеп алған»

Депутат: «Үшқоңыр тауын сай-саласымен бір адам меншіктеп алған»

17 января, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысындағы Үшқоңыр үстіртіне барар жолды басынан-аяғына дейін мұздай қаруланған топ күзетеді. Жол жоқ емес, бар. Бірақ жабық.  Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Үшқоңырға барып, таудың етегіндегі елмен тілдесіп, осы мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Todayinfo Azattyq Ruhy — на сілтеме жасап. 

«Тау жаратылыстың жарты бөлшегі. Ол қанша асқар, асқақ болса да, аспанның астында екенін ешкімнің естен шығаруға хақы жоқ. Бірақ ел аман, жұрт тынышта, «тау-тасты қойын-қоншына тығып, меншіктеп алыпты» дегенді естідіңіздер ме?! Ендеше айтайын. Үшқоңыр деген таудың барын бәріңіз білесіздер. Талайлардың кіндік қаны тамып, тірлігіне арқау болған сол тау бүгінде сай-сала, қырат-жоталарымен түгел бір азаматтардың ғана меншігінде», — дейді депутат Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге және Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, Үшқоңыр Іле Алатау паркіне қарайтындықтан, ол аумақты Ұлттық парктің күзетшілері күзету керек еді.

«Әлде бұл тау «ДүниеАгро» компаниясына атасынан мұра болып қалған ба? Қыратқа кіреберістен 8 шақырым қашықта орналасқан резиденцияның аумағы ғана қоршалып, шлагбаум қойылса тағы бір сәрі. Ал жан баласын жуытпай,  тауды айналдыра қоршап тастау – барып тұрған бассыздық», — дейді Мақсат Толықбай.

Оның келтірген дерегі бойынша, Қарасай ауданының тұрғындары өз жеріне өз малын жая алмай, пұшайман күйде отыр.

«Біз, AMANAT партиясы, жайылым тапшылығын шешу үшін арнайы «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен республика бойынша 9 миллион гектардан астам жер қайтарсақ, ал оның осы аймақтан 1400 гектары ел игіліне берілді. Сөйтсек, онымыз бекер екен, аманаттық ағайын! Жұртқа қажет жайылым жердің бәрі жаңағы қоршауда қалып қойған. Осылайша, жұрттың өз жеріне кірмек түгілі, жаңағы қарулы бекеттен өтуге дәті жетпей жүр», — деді ол.

Оның айтуынша, «ДүниеАгро» ЖШС-не 2004 жылы «Үшқоңыр» үстіртінде орналасқан жүздеген гектар жерге меншік құқығы заңсыз берілген.  Өйткені, заң талаптары бойынша, (23-бап, 50-бап, 8 және 43-бап) арнайы мақсаттағы жерлерді заңды тұлғалардың жекешелеп алуына құқығы жоқ. Тіпті оны бөлуге де келмейді.

«Бұл нормаларды жергілікті прокуратура жақсы біледі. Бірақ жердің заңсыз берілу фактісі бойынша прокуратураның талаптарын сот қанағаттандырмай тастаған. Сорақысы да сол болып тұр. «Сонда Қазақстан Республикасының заңына шекесінен қарайтын бұл не қылған шектен шығу? Сонда халықтың базынасына қалай жауап береміз?!», — деді депутат.

Бұдан басқа, «Үшқоңыр» үстіртінде «Steppe AgroMeat», «Breeding Company» сияқты екі-үш компания 13 597 га жерді әлі күнге дейін мақсатсыз пайдаланып отырғаны анықталды.

«Шұғыл қайтару керек! Алайда алпауыттармен алысуға әкімдік пен аудан прокурорларының пәрмені жетпей, тағы да дәрмені құри ма деген күдік те жоқ емес. Сондықтан Алматы облысының Қарасай ауданында болып жатқан заңсыздықтарға Бас прокуратура мен Үкімет шұғыл назар аударып, Арнайы комиссия құрып, жоғарыда мен келтірген мәселелерге тиісті құқықтық баға беруі тиіс деп есептеймін. Президенттің ел игіліне қайтарылуы қажет жайылымдық жерлер бойынша тапсырмасын нақты орындауымыз керек!», — деді Мақсат Толықбай.

фото: ғаламтордан

Todayinfo.kz

Оқылып жатыр

Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты

«Басың жарылады, шаруаң болмасын»: Сәуле Әбілдаханқызы өткір жазбасымен тағы елді шулатты

«Әлияның аянышты өлімі»: Бірін бірі құтқармақ болған қос ғашық суға кетті

«Темекі шегіп, ерегіскен»: такси жүргізушісін жолаушы өлтіріп кеткен

«Көмектесіңіздерші, ұлымды өлтіріп кетті»: Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

Иран Израильмен қақтығысты тоқтатуға дайын — мемлекет өз шарттарын мәлімдеді

Соңғы жазбалар

Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты

15 Маусым, 2025

«Басың жарылады, шаруаң болмасын»: Сәуле Әбілдаханқызы өткір жазбасымен тағы елді шулатты

15 Маусым, 2025

«Әлияның аянышты өлімі»: Бірін бірі құтқармақ болған қос ғашық суға кетті

15 Маусым, 2025

«Темекі шегіп, ерегіскен»: такси жүргізушісін жолаушы өлтіріп кеткен

15 Маусым, 2025

«Көмектесіңіздерші, ұлымды өлтіріп кетті»: Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

15 Маусым, 2025

Иран Израильмен қақтығысты тоқтатуға дайын — мемлекет өз шарттарын мәлімдеді

15 Маусым, 2025

Батыр қылуға жол бермеймін: Қаржаубай Нұрымовтың отбасына желі арқылы қысым көрсеткен жігіт сотқа тартылды

15 Маусым, 2025

«Ұлттың рухани тірегі»: Әзімбек Пазылбекұлы Түркістандағы мәдениет үйінің сапасын тексерді

15 Маусым, 2025

«Қоздыратын дәрі ішкізді»: Порнографиялық заттар сататын қос қыздың Ақнәрге зұлымдық жасағаны белгілі болды (ВИДЕО)

15 Маусым, 2025

Дубайдағы 332 қазақстандық Алматыға жеткізілді

15 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.