Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды
  • Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті
  • Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті
  • Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады
  • Қызмет алушылар құқығы басты назарда
  • «Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды
  • Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 11 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Экобелсенділер дабыл қақты: «Алматыда қоқыс жағу зауытын салу, экологияға төнген қатер»

8 Қазан, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қоқыс тақырыбына келгенде Алматы мен Алматы облысын бөліп жарып айта алмайсыз, себебі полигоны бір, сондықтан болар қала мен облыс елді мекендерінің қоқысы қосылғанда күніне 400-500 тоннаға жете қабыл қоқыс шығарылады екен. Қазақстанда әзірге қоқыс сұрыптап тастау дами қойған жоқ, сұрыптап тастағанның өзінде қоқыс жинайтын көліктер бір көлікпен барлығын бірге әкетеді.

Мемлекет жасыл экономикаға бет бұрғанымен, қоқысты кәдеге жарату ісінде мардымды нәтиже жоқ. Әрине, бұл бағытта түрлі бағдарламалар қолға алынып жатыр. Бірақ нақты нәтиже аз, ал мәселелер жеткілікті.

Бүгінде Алматыда салынып жатқан «қоқыс жағу» зауыты қоғамда қызу пікірталас тудыруда. Бірі — бұл зауыт қала тазалығына серпін береді десе, екіншісі — керісінше, халықтың денсаулығына қауіп төндіреді дейді. Осы орайда біз  «экологияның жанашырымыз», дейтін «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Жұмабек Әндешұлымен аз кем сұқбат өрбіткен едік.

– Жұмабек Әндешұлы, Қазақстандағы қоқыс өңдеу саласының қазіргі жай-күйіне қандай баға бересіз?

– Шын айтсақ, жағдай көңіл көншітпейді. Ресми деректерге сүйенсек, біз жыл сайын 5 миллион тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарамыз. Оның тек 7 пайызы ғана қайта өңделеді, қалғаны ауыл мен қаланың шетінде үйіліп жата береді. Бұл — табиғатқа жасалып отырған ашық шабуыл. Бүгінде елімізде 4 мыңнан астам полигон бар, оның 86 пайызы бейресми. Ол жерлерде санитарлық талап сақталмайды, жерге сіңген у — суға өтеді, ауаға тараған түтін — адамның тынысын улайды.

– Бұл қалдықтарды кәдеге жаратудың жолы жоқ па? Әлде мүмкіндік аз ба?

– Шикізат бар, мүмкіндік жоқ деуге болады. Қазақстанда 48 миллиард тонна өндірістік, 100 миллион тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналған. Бірақ оларды қайта өңдейтін инфрақұрылым мардымсыз. Мысалы, қоқысты сұрыптайтын — 4 қана мекеме бар. Олар тек сұрыптайды, өңдемейді.
Шыныны қайта өңдейтін — 3, қағаз-картон өңдейтін де — 3, ал пластикке келгенде – 20-30 шағын ғана цех жұмыс істейді. Бұл — 20 миллион халқы бар ел үшін өте төмен көрсеткіш.

– Себебі неде деп ойлайсыз? Инвесторлар қызықпай ма, әлде мемлекеттік қолдау аз ба?

– Екеуі де бар. Біріншіден, бұл сала ұзақ мерзімді инвестицияны талап етеді. Қоқыс өңдеу зауытын ашу оңай емес — техника, құрал-жабдық қымбат, үнемі сұрыптау, өңдеу, логистика жүреді. Екіншіден, мемлекет тарапынан жүйелі қолдау мен ынталандыру тетігі әлсіз. Кейбір кәсіпкерлер бұл салаға кіргісі-ақ келеді, бірақ салық жеңілдігі жоқ, субсидия аз, бюрократия көп. Қолдау болмаса, ешкім қоқыс өңдеуге келмейді. Ашығын айтқанда қоқыс өңдегеннен оны жеткізу логистикасы көбірек қаржы тауып тұр.

– Демек, мәселе тек экологияда емес, экономикалық мотивацияда ғой?

– Дәл солай. Еуропа елдерінде қоқысты бөліп тастамағаны үшін айыппұл салынады. Ал қайта өңдеуші компанияларға мемлекет жер, салық, субсидия жағынан жеңілдік береді. Бізде керісінше. Халықтың да, кәсіпкердің де қызығушылығы жоқ. Ал одан ұтылатын — болашақ ұрпақ.

– Қарапайым халық не істей алады? Бәрін мемлекетке итере салу дұрыс па?

– Жоқ, әрине. Қоғамдық сана өзгермей, заң да, зауыт та көмектесе алмайды. Қоқысты бөліп тастау мәдениетін енгізу керек. Ауладағы бір контейнер — бәрін шешпейді. Адамдар пластик, қағаз, шыныны бөлек жинауға дағдылануы қажет. Логистика да да бөліп апару мәселесін қарастыру керек. Әйтпесе бізде бәрін бір көлікке тиеп алады. Бұл — ұзақ процесс, бірақ соны бастамасақ, бәрі кеш болады.

– Қазақстан қоқыс мәселесін қалай шеше алады?

– Біріншіден, заңдастырылмаған полигондарды жабу, екіншіден, қайта өңдеуші кәсіпорындарға  үкімет тарапынан қолдау беру. Үшіншіден, білім беру мен үгіт-насихатты күшейту. Бізге экологиялық сауатты ұрпақ керек. Әйтпесе, қоқыстан құтылмасақ, болашағымыз да қоқысқа айналады.

– Жұмабек Әндешұлы, Алматыда салынып жатқан қоқыс жағу зауытына  «Байтақ» жасылдар партиясы қарсы деп естідік

– Бұл сұрақ қазір тек Алматының ғана емес, бүкіл елдің болашағына қатысты. «Байтақ» жасылдар партиясы ретінде біз бұл зауытқа бірнеше негізгі себепке байланысты қарсы пікірдеміз.

Біріншіден, қоқысты жағу – экологиялық тұрғыдан ең қауіпті әдіс. Қалдық жанған кезде ауаға диоксин, фуран, ауыр металл бөлшектері сияқты өте улы заттар таралады. Бұл заттар тыныс алу жолдарына, иммундық жүйеге, тіпті адам ДНҚ-сына әсер етуі мүмкін. Көптеген зерттеулер мұндай зауыттардың маңында онкологиялық аурулар мен тыныс жолдарының аурулары жиілейтінін дәлелдеген.

Екіншіден, Алматы – жабық шұңқырда орналасқан қала, яғни таза ауа айналымы шектеулі. Мұнда өндірістік түтін мен көліктің иісі онсыз да қала ішінен шыға алмай тұрып қалады. Енді соған қоқыс жағатын зауыт қосылса, қаланың экологиялық жағдайы апатты деңгейге жетуі мүмкін.

Үшіншіден, біз қазіргі таңда әлем таңдаған жолды – қалдықты қайта өңдеу мен сұрыптауды қолдаймыз. Қоқысты өртеу – бұл өткен ғасырдың әдісі. Қазір дамыған елдер қайта өңдеу арқылы жаңа шикізат өндіруде, ал біз неге табиғатқа зиян келтіретін жолды таңдауымыз керек?

Төртіншіден, бұл зауыт қаланың дәл іргесіне салынып жатыр. Біз Еуропадағыдай стандартпен салынып жатыр деген уәждерді көп естиміз. Бірақ Еуропада ондай зауыттар қала сыртында, арнайы сүзгі жүйесімен, жоғары технологиялық бақылауда салынады. Ал бізде сол стандарттардың қалай орындалатыны – үлкен сұрақ.

Сондықтан біз бұл зауытты уақытылы тоқтатып, оның орнына қоқыс сұрыптау, қайта өңдеу, органикалық компост жасау сияқты экологиялық таза жолдарды дамытуды ұсынамыз. Инвестиция салынатын болса, табиғат пен адам өміріне зияны тимейтін бағытқа салынсын.

Біз бір ғана нәрсені айтқымыз келеді:

Экономикалық табыс адамның денсаулығынан артық болмауы керек.

– Қоқысты қайтіп жою керек

– Қоқысты сұрыптап, қайта өңдеу бағыты арқылы. Бұл – экологияға қауіпсіз әрі экономикалық жағынан да тиімді жол. Қоқыс жағу – уақытша әрі зиянды шешім. Оның үстіне, қалдықты жағу арқылы энергия өндіреміз деген де негізсіз. Ол энергия арзан емес, экологиялық шығыны жоғары болады.

– Сіздер қоғам белсенділері ретінде не айта аласыздар

– Байтақ жасылдар партиясы атынан, министрліктер мен Алматы қаласының әкімдігіне қоқысты сұрыптау инфрақұрылымын кеңейту, қайта өңдеу кәсіпорындарына жеңілдік беру, халықтың экологиялық сауатын арттыру сияқты нақты ұсыныстарымызды жолдадық. Сонымен қатар, қоғамдық тыңдау өткізіп, халықтың пікірін ескеру қажет. Бұл мәселе жабық есік жағдайында емес, ашық түрде шешілуі керек.

– Қорытындылай келе, Алматыда салынып жатқан зауытты толықтай тоқтату керек пе?

– Иә. Қазіргі форматтағы жоба қауіпті. Біз оны қайта қарастыруды, басқа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуді талап етеміз. Қала тұрғындарының денсаулығы ешқандай инвестициядан арзан емес. Біз экологияны қорғау арқылы – адам өмірін қорғап отырмыз.

– Сұхбатыңызға рахмет.

– Рақмет. Экология – тек мамандардың емес, барша қоғамның жауапкершілігі екенін ұмытпайық.

Қазақстанда қоқыс мәселесі — экология, экономика және мәдениет саласының қиылысындағы күрделі түйін. Қоқысты өңдеу — жай ғана тазалық емес, бұл — таза болашақтың кепілі. Мемлекеттік деңгейдегі қатаң саясат, заманауи технология және халықтың экологиялық сауаты артпайынша, бұл салада ілгерілеу қиын. Қоқысты кәдеге жарату — тек техникалық емес, идеологиялық мәселе.

Аида Кожмамбетова

Байтақ партиясы Жұмабек Әндешұлы

Оқылып жатыр

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Қыркүйекте Ұлттық қордан 357 млрд теңге шығын болған

Спорт сарапшысы: «Кезіндегі чемпиондар сұрамшақтанып, ақша, үй, көлік бермеді деп жүр»

Денсаулық сақтау министрлігі: Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы міндеттемелер толық көлемде орындалады

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

«Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды

Соңғы жазбалар

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

10 Қазан, 2025

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

10 Қазан, 2025

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

10 Қазан, 2025

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

10 Қазан, 2025

Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.