Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Ғарыштық баға»: Мемлекеттік бағдарламалардың іске қосылуы пәтер құнының өсуіне әкеледі

17 февраля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фотоколлаж: Todayinfo

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баспана бағасы 4,1 пайызға қымбаттады. Қаңтар айында жаңа пәтердің  1 шаршы метрі орташа алғанда 499,9 мың теңгеге бағаланған. Ал, Алматы мен Астана қалаларында халық тығыз орналасқандықтан, бұл аймақтардағы бағаның орташа көрсеткіші шаршы метріне 582 мың теңгеден жоғары. Көктемде ипотекалық бірнеше бағдарлама іске қосылатындықтан, пәтер бағасы алдағы уақытта қалай құбылмақ?

Todayinfo тілшісі «Доверие» жылжымайтын мүлік агенттігінің риэлторы Тілек Русланұлының пікірін тыңдап көрді.

—  Тілек мырза риэлторлар ауадан ақша жасайтын адамдар сияқты көрінеді. Баспана бағасының өсуіне риэлторлардың да үлесі бар деуге негіз бар ма?

Жасым жиырма тоғызда. Осы уақытқа дейін сауда–саттықтың түрлі жолдарынан өттім. Жұмыстың жеңілі жоқ.  Бұл жұмыстың ең қиыны үй қожайындары баспанасының бағасын қатты қымбат қылып қойып қояды. Көршілерінің ұстап отырған бағасына қарайды да салыстырады,  өзінің үйіне ғарыштық қымбат бағаны жапсыра салады. Сосын ол кісілерді көндіру керек болады. Үйіңіздің бағасы нарыққа сай келмейді деп түсіндіргеніңмен, көбі риэлторларді тыңдағысы да келмейді. Жұмыстың бір жақсысы, ақшаны жақсы табамыз. Қаржыны жақсы табу үшін өзіңнің іс-әрекетіңе де байланысты.  Қолымызда ұстап отырған нақты тауар болмағандықтан, тауарды да өзің іздейсің. Сатушыны да, сатып алушыны да өзің тауып байланыстырасың. Әр сатқан үйімізден 500 мыңнан артық ақша аламыз.

— Наурыз айында ипотекалық бағдарламалар іске қосылады. Бұл пәтер бағасының өсуіне әсер ете ме?

Ипотекалық бағдарламалардың көбі бірінші нарықтағы яғни енді салынып жатқан үйлерге беріледі. Екінші нарықтағы , демек дайын немесе ескі үйлерге олардың тікелей қатысы жоқ. Жанама түрде үй құнының өсуіне әсер етеді. Әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасын алсақ, оның пайызы көп. Сондықтан ол да қолайсыз ипотека болып тұр. Алматы жастары бойынша былтыр бір айдың ішінде Отбасы банк мың жарым адамға ипотека берді. Сол кезде нарықта үйге деген сұраныстың өршіп кеткені сонша, баспана бірден қымбаттады. Егер «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша, бір айда бірден мың жарым адамға ипотека бермей, әр ай сайын 200 адамнан ипотека беріп отырса, үйдің бағасы бірден өспес еді. Ажиотаж болмас еді.  Мемлекеттік бағдаралмалардың іске қосылуы белгілі бір деңгейде үйдің қымбаттауына әсер етеді. Ал, «Отау» бағдарламасы ол тікелей құрылыс компаниясымен байланысты болғандықтан, баспана бағасының қымбаттауына қатты әсер етпеу керек деп санаймын.

— Қазір қоғамды дүрліктіріп тұрған ҚҚС көтерілуі. Бұл құрылыс компанияларына, құрылыс материалдарын шығаратын, сататын компанияларға әсер еткендіктен баспана құнының өсуіне әкеле ме?

Көктемде үй бағасы қымбаттайды деп айта алмаймын. Себебі, ескі үйлерге көп несие беріліп жатқан жоқ. Алматыда 20-25 шаршы метр ғана болатын асүй-студиялардың бағасы  15 млн теңгеден басталады. Бізде қайта қаржыландыру әдісі қиындау болғандықтан, ипотека өте қымбатқа шығады.

— Сіз өзіңіз айына қанша пәтер сатасыз ? Қолма-қол ақшаға алатындар көп пе, әлде ипотекаға алатын адамдар саны басым ба?

Негізі Қытаймен сауда жасайтын алып-сатарлар ақшасын құртып алмас үшін қолма-қол ақшаға сатып ала салады. Өзім айына 5-10 пәтер сатамын. Компаниямыз айына 35-40 пәтер сатып, жақсы табыс табамыз. Тобымда тоғыз риэлтор жұмыс істейді.

— Қазір үйді өздері сатып алып, оған евроремонт жасап сататын арнайы топ пайда болды. Олардың жұмысы да баспана бағасын шарықтатып жатқан жоқ па?

Ол кісілер нарыққа қайта жан бітіріп жатыр. Олар риэлторларге жатпайды. Ондай топты  кәсіпкерлер деп атасақ дұрыс болады. Қазір елдің бәрі ипотекаға баспана алатындықтан, адамдардың көпшілігі «ремонт» жасалған таза үйге көшіп кіргісі келеді. Кәсіпкерлер құрылыс компаниясынан өздері сатып алып, оны өздері ақша шығарып жөндеп, жиһаздарына дейін жайнатып қояды. Ал баспананы ипотекаға алған адам осындай дайын үйге кіре салса, біраз ақша үнемдейді. Уақытын, жүйке жүйесін сақтайды. Ешбір жөндеуі жоқ, қап-қара стенасы бар, едені төселмеген, әжетханасына дейін қойылмаған  үйлерді қалыпқа келтіріп оны өзің жөндесең, кемі 3-4 млн-нан астам қаржы кетеді, сол аралықта пәтер жалдап басқа үйде тұрсаң, оған да пәтерақы төлейсің. Былайша айтқанда көп шығындаласың. Сондықтан дайын үйге бірден кірген өте ыңғайлы.

— Ешқандай несие алмай, 200-300 мың теңге айлық алатын адам  нарықтан арзан үй алуға мүмкіндігі бар ма?  Яғни, құрылыс компанияларына бөліп төлеу (рассрочка) арқылы баспаналы болуға мүмкіндік бар деп айтуға бола ма?

Көптеген құрылыс компаниялары бөліп төлеу (рассрочка) мүмкіндігін қарастырғанымен, үйдің бағасы өте қымбат. Сосын олар ұзақ мерзімге бөліп төлетпейді. Кез-келген құрылыс компаниясы үйді салып біткенше, яғни бес 5-6 ай немесе 1,5 жарым жылға ғана бөліп төлеуге мүмкіндік жасайтындықтан тұрғындар ай сайын 1 млн немесе 2 млн теңгеге дейін бағаланатын бөліп төлеу әдісін материалдық жағынан көтере алмайды. 100 немесе 200 мың теңге төлеп, рассрочкаға үй алу елімізде мүмкін емес. Тек пайызы бар несие ғана рәсімдеп алады. Кейбір ипотекалық компаниялар бар «жеңілдікпен баспана алып береміз» деп жарнама жасайтын. Алайда олар өз пайыздарын ұстап қалады. Сол кезде сіздің алаған үйіңіздің бағасы соңында тағы да қымбатқа шығып кетеді.

— Сонда баспанаға зар болған, пәтерден пәтерге көшіп жүрген ел, халық не істеу керек?

Кез-келген адам айлығынан асқанын жинап отыруы керек. Ипотекалық компаниялардың қымбат несиесіне кіріп кетпей, мүмкіндігінше, шамасы жеткенше ақша жинағаны дұрыс. Құрылыс компанияларының «котлаваннан» беретін үйлеріне де ақшаны алдын  ала төлеп қойған тиімсіз. Оны күтесің, ремонт жасайсың. Сол аралықта бір жылда тек пәтер жалдауға 3 миллионнан астам ақшаң жұмсалып кетеді. Бұл нұсқа да тиімсіздеу. Сондықтан ескі үй болса да дайын үйлерден алған дұрыс.

 — Алматыда ескі үйлердің бағасы да шарықтап тұр ғой ?

Ескі үйлердің басым көпшілігі қаланың ортасында орналасқандықтан, бағалары түспей тұр. Бірақ қазірдің өзінде кейбір  университеттер, кәсіпорындар Қонаев, Қаскелең сияқты қаланың сырт жағына көшіріліп жатыр. Адамдар қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік алып жатыр. Болашақта бұл үрдіс қаланың ішіндегі үйлердің арзандауына әкеледі.

Болашақта қаланың сыртындағы үйлерге сұраныс артады. Америка сияқты дамыған елдердегідей,  қазір сондай үрдіс пайда болды. Жергілікті америкалықтардың барлығы қаланың сыртына көшіп кеткендіктен, қаланың ортасы босап қалған. Алдағы 5-10 жылда біздің де Алматыда адамдар шет жаққа көптеп көшсе, жаңа үйлер сол жақта салынып жатыр. Қала біраз босап қалатын еді.

— Тыныш ұйықтап, бір баспаналы болсақ ау деп жүрген жастарға, жас отбасыларына қандай кеңес берер едіңіз?

Ең бастысы үй алып қалу керек деп жанталаспау керек. Қолыңдағы ақшаңды бағамдап алмай, апыр-топыр несиеге жүгіре бермеу керек. Көптеген адамдар зейнетақы жүйесіне ақша салмайды. Зейнетақы жүйесіне ақшасын салып, қолындағы жиған –тергенін банкке барып есептетіп, сосын барып үйді тиімді несиемен алған жөн болады.

баспана ипотека кредит Отбасы банк риэлтор

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.