«Гипноздап, ұйықтатып 18 млн теңге несие алдыртқан»: Ақтөбеде алаяқ емші ұсталды
Ақтөбеде емші әйел алдына келгендерді гипноздап 18 млн теңгеге дейін несие алдыртқан, деп хабарлайды Todayinfo. Журналист Диас Нұрақынның жазуынша, Сұлушаш Қазыбаева деген емші дертіне дауа іздеп келген жүзге жуық адамды гипноздап, ұйқылы-ояу халге түсіріп, несие рәсімдеткен. Айл

Ақтөбеде емші әйел алдына келгендерді гипноздап 18 млн теңгеге дейін несие алдыртқан, деп хабарлайды Todayinfo.
Журналист Диас Нұрақынның жазуынша, Сұлушаш Қазыбаева деген емші дертіне дауа іздеп келген жүзге жуық адамды гипноздап, ұйқылы-ояу халге түсіріп, несие рәсімдеткен. Айлакер әйелге алданғандардың алды 18 млн, ең азы 1 млн теңге ақша берген. Тіпті емшінің туыстары мен ауылдастары да алданып қалған.
Алаяқтың арбауына түскендер бүгін прокуратура мен полицияға барған. Сұлушаш Қазыбаеваны қолға түсіру үшін Ақтөбе қаласының бас полицейі емшінің қабылдауына жазылған. Сол жерден әйелді ұстап алып кеткен. Қазір емшінің үстінен алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·