Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

11 адамды өлтірген Сайфиев түрме жағдайына шағымданып, 600 мың рубль талап еткен – сот шешімі шықты

Мәскеу мен Мәскеу облысында 11 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Тельман Сайфиев Пермь өлкесіндегі Соликамск қаласында орналасқан "Ақ аққу" (орысша "Белый лебедь") колониясында жазасын өтеуде, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. SHOT мәлімет

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
11 адамды өлтірген Сайфиев түрме жағдайына шағымданып, 600 мың рубль талап еткен – сот шешімі шықты
Мәскеу мен Мәскеу облысында 11 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Тельман Сайфиев Пермь өлкесіндегі Соликамск қаласында орналасқан "Ақ аққу" (орысша "Белый лебедь") колониясында жазасын өтеуде, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. SHOT мәліметінше, Сайфиев соңғы 20 жылда (1999–2019 жылдар аралығында) оның 11 тісі тек ауырған кезде жұлынып отырғанын, ал тиісті медициналық көмек көрсетілмегенін алға тартып, сотқа талап арыз берген. Сайфиев екінші талап арызында колония әкімшілігін коронавирус пандемиясы кезінде санитарлық талаптарды сақтамады деп айыптады. Оның айтуынша, сотталғандарға маска тағуға рұқсат берілмеген, ал жұмысқа шығу міндеттелген. Бұл оның денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген. Екі талап арыз бойынша Сайфиев 600 мың рубль өтемақы талап еткен. Алайда сот оның арызын тек жартылай қанағаттандырып, колониядан 30 мың рубль өндіру туралы шешім шығарды.

Ұқсас материалдар

11 адамды өлтірген Сайфиев түрме жағдайына шағымданып, 600 мың рубль талап еткен – сот шешімі шықты · Todayinfo