Белгілі журналист әрі тележүргізуші Айгүл Мүкей алаяқтардың құрбаны бола жаздағанын айтып, желі қолданушыларын сақ болуға шақырды. Ол Instagram парақшасында видео жариялап, оқиғаның қалай өрбігенін баяндады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Журналистің айтуынша, алды
Белгілі журналист әрі тележүргізуші Айгүл Мүкей алаяқтардың құрбаны бола жаздағанын айтып, желі қолданушыларын сақ болуға шақырды. Ол Instagram парақшасында видео жариялап, оқиғаның қалай өрбігенін баяндады,деп хабарлайды
Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Журналистің айтуынша, алдымен оған өзін «Энергосбыт» компаниясының қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс адам хабарласып, 1414 қызметі арқылы келген кодты жіберуді сұраған.
«Алғашында ештеңе түсінбедім. Кейін 1414-тен хабарлама келді. Ол маған оны оқып беруімді өтінді. Осыған дейін бұл нөмірден "Энергосбыт" атынан ешқандай хабар келмеген», – дейді Айгүл.
Біраз уақыттан кейін оған тағы бір әйел хабарласып, өзін «Елизавета Андреева Есімова» деп таныстырған. Ол EGov порталынан сөйлеп тұрғанын айтып, тележүргізушінің жеке кабинеті бірнеше мәрте бұзылғанын мәлімдеген.
«Мен не істерімді білмедім. Ол “сіздің атыңыздан барлық банктерге несие алуға өтінім берілді” деді. Мен қатты қорықтым. Жолдасым ол да алаяқ болуы мүмкін екенін айтса да, мен сеніп қойдым», – дейді Айгүл.
Алаяқ өзін Ұлттық банк пен ҰҚК өкілі ретінде таныстырып, өтініш жазу керектігін айтқан. Дегенмен журналист күмәнданып, тұтқаны қоя салған. Бірақ ол жазып, неге тұтқаны қойғанын сұрап, қысым көрсетуді жалғастырған.
«Ол “Ұлттық банкке сіз неге барасыз? Олар не арыз қабылдайтын бе еді?” деді. Сол кезде мен шынымен де алданып тұрғанымды ұқтым», – дейді журналист.