Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

15 жылда Қазақстанда мұнай-газ өндіру көлемі азаяды – депутат

15 жылдан кейін елімізде мұнай-газ өндіру көлемі төмендейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин айтты. Оның айтуынша, қазір мемлекет есебінде 348 көмірсутек шикізатының кен орны бар. - Қазақстандағы мұнай қорының жалпы көлемі – 4,3 млрд тонна. Бұл ретте көмірсутек шикізат

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
15 жылда Қазақстанда мұнай-газ өндіру көлемі азаяды – депутат
15 жылдан кейін елімізде мұнай-газ өндіру көлемі төмендейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин айтты. Оның айтуынша, қазір мемлекет есебінде 348 көмірсутек шикізатының кен орны бар.
- Қазақстандағы мұнай қорының жалпы көлемі – 4,3 млрд тонна. Бұл ретте көмірсутек шикізаты қорының 72%-ы – «Теңіз», «Қашаған», «Қарашығанақ» сияқты ірі кен орындарының үлесінде. Алдағы 10-15 жылдан кейін осы 3 ірі кәсіпорында мұнай-газды өндіру көлемі төмендейтіні анық. Оған қоса, игерудің кеш сатысындағы кен орындарында мұнай-газ өндіру азаяды, кейбірі жұмысын тоқтатады, - деді Еділ Жаңбыршин «Ағымдағы қызмет және мұнай саласының даму перспективасы» тақырыбында өтіп жатқан Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Депутат президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда елімізде геологиялық зерттелу деңгейінінің төмен деп мәлімдегенін еске салды.
- Шындығында академик Қаныш Сатпаевтың кезеңіндегідей, тәуелсіздіктің соңғы 25 жылында жүйелі, масштабты геологиялық зерттеу-барлау жұмыстары жүргізілген жоқ. Қазір қорлардың өсімі сонау Кеңес одағы кезінде ашылған кен орындарын қайта бағалау мен зерттеу есебінен толығып жатыр. Бірақ кейінгі 5 жылдағы мұнай қорларының өсімі орта есеппен 73 млн тонна болса, ал өндіру көлемі 80 млн тоннаға жетті. Яғни, мұнай қорының толығуынан өндіруіміз қазір 7 млн тоннаға артық. Бұл – мұнай-газ саласындағы зерттеу жұмыстары мен өндірудің арасындағы дисбалансты нақты көрсетіп отыр, - деді ол.
 

Ұқсас материалдар