Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Рамазан -2025: Оразаның сәресі мен ауыз ашар кестесі

Фото: depositphotos.com 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Рамазан айы басталады. Жалпы, Рамазан айы 1 наурыздан 28 наурызға дейін болады. Тodayinfo  ақпараттық порталы 20 аймақтың Рамазан айындағы кестесін ұсынбақ. Рамазан кестесін елордамыздан бастасақ, Астана қаласы

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Рамазан -2025: Оразаның сәресі мен ауыз ашар кестесі
Фото: depositphotos.com 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Рамазан айы басталады. Жалпы, Рамазан айы 1 наурыздан 28 наурызға дейін болады. Тodayinfo ақпараттық порталы 20 аймақтың Рамазан айындағы кестесін ұсынбақ.

Рамазан кестесін елордамыздан бастасақ, Астана қаласында сәресі 05:28-де ал ауызашар уақыты 18:00-де.

Еліміздің оңтүстік елордасы Алматы қаласында сәресі 05:11-де, ауызашар уақыты 17:44-те болады. Оңтүстік аймақтар Оңтүстік аймақтағы мегаполистердің қатарына кіретін – шырайлы Шымкент қаласында сәресі 05:40-та болса, ауызашар уақыты 18:14-те. Қызылорда қаласында 05:56-да ауыз бекітсе, 19:46-да ауыз ашады. Тараз қаласында сәресі 05:33-те, ал ауызашар уақыты 18:07-де. Тарихы тереңде жатқан Түркістанда 05:45-те ауыз бекітсе, ауызашар уақыты 18:19-да. Ал Жетісу облысы, Талдықорған қаласында сәресі 05:04-те болса, ауызашар уақыты 17:37-де. Солтүстік аймақтар Павлодар қаласында сәресі 05:05-те, ал ауызашар уақыты 17:36-да. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында 05:34-те сәресі болса, 18:04-те ауызашар уақыты. Ақмола облысының Көшетау қаласында 05:35-те сәресі, ал 18:05-те ауызашар. Батыс аймақтар Ал еліміздің батыс аймағындағы Ақтөбеде 06:26-да сәресі, ал 18:58-де ауызашар уақыты. Атырау қаласының тұрғындары 06:49-да сәресін ішсе, 19:21-де ауызашар. Маңғаз дала Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 06:53-те сәресі, ал 19:27-де ауызашар. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 06:49 да сәресі, 19:20-да ауызашар. Шығыс аймақтар Абай облысы Семей қаласының тұрғындары 04:54-те сәресін ішсе, 17:26-да ауыз ашады. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында 04:45-те сәресі, ал 17:17-де ауызашар уақыты. Орталық аймақтар Қарағанды қаласында 05:23-те сәресі, 17:55-те ауызашар. Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында 05:45-те сәресі болса, 18:17-де ауызашар.    

Ұқсас материалдар

Рамазан -2025: Оразаның сәресі мен ауыз ашар кестесі · Todayinfo