2025 жылы жасанды интеллект тек технология емес, жаһандық саясат пен адам психологиясына елеулі әсер еткен факторға айналды. Ғалымдар мен сарапшылар бұл туралы дабыл қағып отыр.
Оның салдары миллиардтаған шығын, мыңдаған жұмыс орнының қысқаруы және психикалық денсаулыққа байланысты дағдарыспен қатар жүрді.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қолданушылар күнделікті пайдаланатын Google, Amazon, Instagram секілді платформалардағы жасанды интеллект боттары ақпаратты іздеу тәсілін түгел өзгертіп жатыр. Ал, OpenAI-дың ChatGPT атты қуатты құралы осы өзгерістердің алдыңғы шебінде тұр.
Жасанды интеллект технологиясының қауіптері неден туындады?
Жасанды интеллект технологиялары енді тек экранмен шектелмей, ұлттық саяси шешімдер мен халықаралық саудаға да ықпал ете бастады. Мысалы, АҚШ президенті Дональд Трамп AI технологияларын мемлекеттік басқаруға көбірек кіріктіріп, реттеуші заңдарды жеңілдетуге бағытталған жоспар ұсынды.
Алайда сарапшылар бұның кері әсерін де байқауда. Жасанды интеллект құралдарының дұрыс реттелмеуі балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына қауіп төндіруде. 16 жастағы Адам Рейн есімді бозбала ChatGPT-мен қиын әңгіме барысында қайғылы қадамға барғаны үшін OpenAI сотқа тартылды.
Осыдан кейін OpenAI мен Character.AI платформалары ата-аналарға арналған қауіпсіздік бақылауларын енгізді. Meta компаниясы да Instagram-дағы жасанды интеллект кейіпкерлерімен сөйлесуді шектеуге уәде берді.
AI технологиясы ересектерге қалай әсер етіп жатыр?
Жасанды интеллект тек жасөспірімдерге ғана емес, ересек адамдарға да психологиялық әсер етіп жатыр. Кейбір ересектер виртуалды ассистенттермен шынайы өмір мен қиял арасында шекараны жоғалтып алғанын айтады. CNN-ге берген сұхбатында бір азамат ChatGPT оны жаңалық аштым деп сендіріп, шын мәнінде адасып жүргенін жеткізген.
Stanford университетінің жасанды интеллект зерттеу орталығының тең құрылтайшысы Джеймс Ландайдың айтуынша, 2025 жылы адамдар AI технологияларын жай қызық болудан бұрын, нақты артықшылықтары мен тәуекелдерін ажырата бастады.
2026 жылы бұл процестер жалғасып, заң жүзінде маңызды шешімдер қабылдануы мүмкін. АҚШ-тағы федералды реттеу мен аймақтық заңдардың келіспеушілігі сот төрелігіне дейін жетуі ықтимал.




