Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңгеден 4325 теңгеге өседі. Бұл өзгеріс көлікті бастапқы тіркеудің бағасына да тікелей әсер етеді.
Жаңа көлік немесе шетелден жеткізілген автокөлік сатып алған қазақстандықтар тіркеу кезінде біраз шығындалуға дайын болуы керек.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бастапқы тіркеу қанша тұрады?
Электромобильдер (M1 санаты, гибридтерден бөлек):
- 2 жасқа дейін – 1 081 теңге
- 2-3 жас – 108 125 теңге
- 3 жылдан асса – 1 081 250 теңге
Бензин немесе дизельмен жүретін жеңіл көліктер:
- 2 жасқа дейін – 1 081 теңге
- 2-3 жас – 216 250 теңге
- 3 жылдан асса – 2 162 500 теңге
Автобустар мен жүк көліктері:
- 2 жасқа дейін – 1 081 теңге
- 2-3 жас – 1 038 000 теңге
- 3-5 жас – 1 513 750 теңге
- 5 жылдан асса – 10 812 500 теңге
Седельный тіркемелер:
- 2 жасқа дейін – 1 081 теңге
- 2-3 жас – 1 038 000 теңге
- 3-7 жас – 1 513 750 теңге
- 7 жылдан асса – 10 812 500 теңге
Тағы қандай төлемдер керек?
2026 жылы көлік тіркету кезінде келесі төлемдер де қажет болады:
- Тіркеу куәлігі – шамамен 5 400 теңге (1,25 АЕК)
- Мемлекеттік номер – 12 100 теңге (2,8 АЕК)
Бастапқы тіркеу үшін ең төменгі шығын — 17 500 теңге шамасында болады.
Көлік салығы қалай есептеледі?
Көлік салығы - жыл сайын төленетін міндетті төлем. Ол көлік құралын меншікте ұстаған азаматтарға қатысты. Төлем мөлшері қозғалтқыштың көлемі немесе қуатына байланысты есептеледі.
2026 жылдан бастап көлік жасының әсері ескеріледі:
- 10-20 жыл пайдаланудағы көліктерге – 0,7 коэффициент
- 20 жылдан асқан көліктерге – 0,5 коэффициент
Кейбір санаттар салықтан босатылады:
- Ардагерлер
- "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақ иелері
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" иелері және "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналар
- Мүгедектігі бар адамдар




