Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«300 мың доллар»: Қазақстан шетелдіктерге арналған ерекше визаны шығарды

Қазақстанда инвесторларға 10 жылға дейін ел аумағында тұруға мүмкіндік беретін жаңа виза ережелері бекітілді, деп хабарлайды Todayinfo . Жаңартылған тәртіпке сай, еліміздің компанияларына немесе отандық бағалы қағаздарға кемі 300 000 АҚШ доллары көлемінде қаржы салған шетел азама

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«300 мың доллар»: Қазақстан шетелдіктерге арналған ерекше визаны шығарды

Қазақстанда инвесторларға 10 жылға дейін ел аумағында тұруға мүмкіндік беретін жаңа виза ережелері бекітілді, деп хабарлайды Todayinfo.

Жаңартылған тәртіпке сай, еліміздің компанияларына немесе отандық бағалы қағаздарға кемі 300 000 АҚШ доллары көлемінде қаржы салған шетел азаматтары арнайы электрондық өтінім арқылы инвесторлық виза алуға өтініш бере алады. Бұл виза түрі шетелдіктерге ұзақ мерзімге Қазақстанда тұру құқығын ұсынады.

«Мұндай визалық бағдарламалар халықаралық тәжірибеде (соның ішінде Еуропа елдері, АҚШ, БАӘ және Сингапурда) кеңінен қолданылып, капитал, технология мен іскерлік белсенділікті тартудың нәтижелі құралы ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Қазақстан осы тәжірибеге қосылып, инвестициялық резиденттіктің өзіндік моделін ұсынады», - делінген хабарламада.

Ұқсас материалдар