Танымал режиссер Қуаныш Бейсек екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды.

Ол желідегі парақшасында қалыңдығын көрсетіп, ұзату тойдан фото-видеолар жариялаған. Әйелінің Тараздан екенін де көрсеткен. Есімі "Ажар" екендігі белгілі болды. Әзірге өзге ақпараттар белгісіз.Үйлену тойлары да маусым айына жоспарланғанын айтты. Оқырмандары режиссерге бақыт тілеп, құттықтауларын жазды.