361 келі: Есектің етін қара базарда сатпақ болғандар ұсталды
Өзбекстанда құқық қорғау органдары Ташкент базарында есектің етін сатпақ болғандарды анықтады. Қаскөйлер заңсыз жеткізілмек болған 361 килограмм есектің етін тәркіледі, деп хабарлайды Todayinfo. Podrobno.uz басылымының жазуынша, сақшылар күмәнді жүкті Карши — Ташкент тас жолында

Өзбекстанда құқық қорғау органдары Ташкент базарында есектің етін сатпақ болғандарды анықтады. Қаскөйлер заңсыз жеткізілмек болған 361 килограмм есектің етін тәркіледі, деп хабарлайды Todayinfo.
Podrobno.uz басылымының жазуынша, сақшылар күмәнді жүкті Карши — Ташкент тас жолында тоқтатылған Lacetti автокөлігінің жүксалғышынан тапқан. Көлік жүргізушісі еттің иесі емес екенін, тек жүктің жеткізушісі екенін айтып жалтарған.
Алайда Сырдария облыстық ветеринарлық басқармасында жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде тәркіленген еттің есек еті екені дәлелденді. Қазіргі уақытта Сырдария аудандық тергеу бөлімі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті. Құқық қорғаушылар еттің нақты қайдан шыққанын және бұл іске қанша адамның қатысы барын анықтауға кірісті.
«Миллар» бағдарламасында айтылған деректерге қарағанда, еттің астаналық нарыққа жеткізіліп, тұтынушыларға заңсыз түрде таратылуы мүмкін болған. Бұл жағдай Ташкент тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығын күшейтті. Өзбекстанда бұндай қылмыс бұған дейінде болан.
Самарқанд облысына қарасты Шурак ауылында бір тұрғын өз үйінің ауласында есек сойып, етін сатып келген. Кейін Каттакурган ауданыныңмаңынан тұрғындар бірнеше есек қаңқасын тауып алып, экологтар мен құқық қорғаушылар дабыл қаққан болатын.
Ұқсас материалдар

Әлем
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Әлем
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Әлем
NYT: АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша принципті келісімге келді
Todayinfo редакциясы·

Әлем
Иранға қатысты шешім: Трамп әскери әрекеттерді қайта бастау мерзімін атады
Todayinfo редакциясы·