37 градус ыстық: Синоптиктер өрт шығу қауіпінің жоғары екенін ескертті
Фото: ru.freepik.com Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Елдің оңтүстігінде күн қатты ыстық болады, деп хабарлайды Todayi

Фото: ru.freepik.com
Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Елдің оңтүстігінде күн қатты ыстық болады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, батыста тұман түседі.
Қазақстанның барлық аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының батысында, шөлді аймақтарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында өрт қаупі өте жоғары болады деп болжанып отыр.
Қалалар бойынша температура болжамы
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 23-25 градус жылы.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық. Қонаевта: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 29-31 градус ыстық.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 25-27 градус ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 6-11 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 34-36 градус ыстық.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 35-37 градус ыстық.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде найзағай кезінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус ыстық.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, таңертең және күндіз тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 17-19 градус жылы.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Жеті елдің жастары Балқашта өткен Халықаралық еріктілер форумында бас қосты
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Когда потерпевший — депутат, все ли равны перед законом? Жительница Алматы заявила о несправедливом расследовании дела против её мужа
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
О фактах и интерпретациях вокруг социальных выплат работающим матерям
Жаннұр Еділбаева·