Астанада Тәуелсіздік күніне орай азаматтардың жекелеген санатына біржолғы ақшалай әлеуметтік төлем қарастырылған. Бұл әлеуметтік көмек 1986 жылғы 16-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына көрсетіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай, “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” ҚР Заңына сәйкес ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына 60 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көзделген».Біржолғы ақшалай әлеуметтік төлемді қала әкімдіктері жүргізіп жатыр: Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге Ақмола облысы мен бас қалада да осындай сомма берілмек. Алматы қаласында – 250 мың теңге Қарағанды облысы 400 мың теңге бермек.




