Todayinfo.kz
Астана

Ел болашағы үшін: астаналық зейнеткерлер жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

*]:pointer-events-auto scroll-mt-[calc(var(--header-height)+min(200px,max(70px,20svh)))]" dir="auto" tabindex="-1"> Бүгін Астана қаласындағы Ататүрік саябағында «Алға, Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. Шараның негізгі мақсаты

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Ел болашағы үшін: астаналық зейнеткерлер жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Бүгін Астана қаласындағы Ататүрік саябағында «Алға, Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.

Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдауға үндеу білдіру, сондай-ақ қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Іс-шараға 45 зейнеткер, қолдау топтарының мүшелері және аудандық ұйымдардың өкілдері қатысты. Шараның ашылуында қатысушылар сап түзеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Одан кейін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Қарабатыров құттықтау сөз сөйлеп, алдағы референдумның маңызына тоқталды.

Бағдарлама аясында қатысушылар танымал әнші Қайрат Нұртастың орындауындағы «Алға, Қазақстан» әнін бірге шырқап, сапқа тұру арқылы референдум өтетін күннің символдық бейнесін көрсетті. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған патриоттық ұрандар айтылды.

Іс-шара ұйымдастырушысы Марат Кәрімтайұлының айтуынша, бастаманың басты мақсаты – аға буын өкілдерін қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысуға шақыру.

«Жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған бұл шара зейнеткерлерді бірлікке шақырып, референдумға қатысуға үндейді. Скандинавиялық серуенмен айналысатын зейнеткерлер белсенділік танытып, өз қатарластарын да осы бастаманы қолдауға шақырды», – деді ол.

Оның сөзінше, аталған іс-шараны ұйымдастыруға Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі мен аудандық әкімдік қолдау көрсеткен.

Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар қоғамда азаматтық белсенділікті арттырып, елдің болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың қатарын көбейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Ұқсас материалдар