Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

5 адам қаза тапты: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында республикалық маңызы бар  «Самара–Шымкент» автожолының 1024-шақырымында автобус аударылып кеткен. «Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жү

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
5 адам қаза тапты: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында республикалық маңызы бар  «Самара–Шымкент» автожолының 1024-шақырымында автобус аударылып кеткен.
«Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі «Самара–Шымкент» автожолымен Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай келе жатып, Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында көліктің қозғалыс бағыты бойынша оң жаққа аударылған», - делінген полиция хабарламасында.
Автобус салонында Пермь–Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстанның 49 азаматы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Ұқсас материалдар

5 адам қаза тапты: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды · Todayinfo