Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«6 ай уақыты қалды»: «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкері дертке шалдықты

Фото: Трендньюс Нұрлан Сегізбаев, «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкер Қожаны сомдаған актер, қазір ауыр сырқатпен арпалысып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. Журналист Жанар Канафинаның хабарлауынша, актерге созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-ші дәре

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«6 ай уақыты қалды»: «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкері дертке шалдықты
Фото: Трендньюс Нұрлан Сегізбаев, «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкер Қожаны сомдаған актер, қазір ауыр сырқатпен арпалысып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. Журналист Жанар Канафинаның хабарлауынша, актерге созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-ші дәрежесі диагнозы қойылған. Дәрігерлердің болжамына сүйенсек, оған небәрі 6 ай уақыт қалған. 75 жастағы Нұрлан Санжарұлы қазір шұғыл қаржылық көмекке мұқтаж. Ол кезінде журналистика факультетінде ұстаз болып қызмет еткен, бірақ денсаулығының нашарлауына байланысты енді жұмыс істей алмайды. Қазір ол тыныс алу аппаратын тәулігіне 14 сағат пайдалануға мәжбүр. Десе де, Нұрлан аға өмірге деген құштарлығын жоғалтқан жоқ. Жанар Канафинаның сөзінше, ол жақында сұхбат беріп, композитор Нұрғиса Тілендиев туралы жылы естеліктерімен бөліскен.
 «Ескі гвардия ешқашан жолда қалдырмайды», — деп жазды журналист.
 

Ұқсас материалдар

«6 ай уақыты қалды»: «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкері дертке шалдықты · Todayinfo