«6 бала болған»: Колумбия жағалауында қазақстандықтар отырған мигранттардың қайығы теңізге батып кетті
Кариб теңізінің Колумбия жағалауында 20 мигрант мінген қайық суға батып кеттті. Қайықта Қазақстанның азаматтары да болған, деп хабарлайды Voice of America ("Америка дауысы") сайтына сілтеме жасаған Todayinfo агенттігі. Теңізге батқан қайықтағы бір мигрант қаза тауып, тағы т

Кариб теңізінің Колумбия жағалауында 20 мигрант мінген қайық суға батып кеттті. Қайықта Қазақстанның азаматтары да болған, деп хабарлайды Voice of America ("Америка дауысы") сайтына сілтеме жасаған Todayinfo агенттігі.
Теңізге батқан қайықтағы бір мигрант қаза тауып, тағы төрт адам іс-түссіз жоғалған. Жағалау құтқарушылары 15 мигрантты аман алып қалды. Voice of America-ның жазуынша, аман қалған адамдардың ішінде алты бала бар. Олардың екеуі – Қазақстаннан, үшеуі – Венесуэладан, бір баланың азаматтығы белгісіз. Қайыта Қазақстан, Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Венесуэла азаматтары отырған.
Азаттық радиосының жазуынша, Мигранттан мінген қайық Никарагуаның шығысына қарай орналасқан Сан-Андрес және Провиденсия аралының маңында суға батқан. Колумбия әскерилері әскери-теңіз флотының жедел қимыл бөлімі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.
Мамырда Вашингтон "заңсыз мигранттардың АҚШ-қа өтуіне көмектеседі" деп Нигарагуаға санкция салған еді. Ал Колумбия билігі мигранттар АҚШ-қа бет алғанда Колумбия мен Панамадағы қауіпті джунглилерді айналып өту үшін көбіне Сан-Андрес және Никарагуа арқылы жүретінін айтады.
Кейінгі уақытта Орталық Азия елдерінен АҚШ-қа Мексика, Колумбия, Панама, Никарагуа арқылы заңсыз баратын мигранттар саны артқан. Былтыр Өзбекстаннан 17 мың адам, Қырғызстаннан 7 мың адам, Тәжікстаннан 3 мың адам, Қазақстаннан 2,7 мң адам, Түркіменстаннан екі мыңдай адам Америкаға заңсыз өткен.
Ұқсас материалдар

Әлем
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Әлем
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Әлем
NYT: АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша принципті келісімге келді
Todayinfo редакциясы·

Әлем
Иранға қатысты шешім: Трамп әскери әрекеттерді қайта бастау мерзімін атады
Todayinfo редакциясы·