Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«7 шың»: қазақстандық альпинст Анар Бурашева әлемдік рекорд орнатты

Анар Бурашева Қазақстан мен бүкіл Орталық Азиядан шыққан, жеті құрлықтың жеті шыңына толықтай көтерілген алғашқы әйел атанды. «Екі жылға созылған тарих. «7 шың» жобасы. Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел. Қазір барлық сезімді сөзбен жеткізу қиын — олар тым көп. Бір

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«7 шың»: қазақстандық альпинст Анар Бурашева әлемдік рекорд орнатты

Анар Бурашева Қазақстан мен бүкіл Орталық Азиядан шыққан, жеті құрлықтың жеті шыңына толықтай көтерілген алғашқы әйел атанды.

«Екі жылға созылған тарих. «7 шың» жобасы. Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел. Қазір барлық сезімді сөзбен жеткізу қиын — олар тым көп. Бірақ дәл қазір ең маңыздысын айта аламын: @everest_development_kz — қолдауларыңызсыз бұл арман шындыққа айналмас еді. Отбасыма және достарыма алғысым шексіз — сендер менің тірегімсіңдер», — деп жазды Анар Бурашева.

Анар Бурашева бағындырған шыңдар төмендегідей:

2024 жыл:

• Ақпан – Килиманджаро, 5895 м (Африка)

• Мамыр – Эверест, 8848 м (Азия)

• Тамыз – Эльбрус, 5642 м (Еуропа)

2025 жыл:

• Ақпан – Аконкагуа, 6962 м (Оңтүстік Америка)

• Маусым – Денали, 6194 м (Солтүстік Америка)

• Қазан – Карстенз, 4884 м (Австралия мен Океания)

2026 жыл:

• Қаңтар – Винсон, 4897 м (Антарктида)

Альпинст жеті құрлықтағы шыңдарды бағындырып, әлемдік рекордқа қол жеткізді.

Фото: anar_burasheva/ instagram

Ұқсас материалдар

«7 шың»: қазақстандық альпинст Анар Бурашева әлемдік рекорд орнатты · Todayinfo