Египетте демалуға барған шетелдік туристер Қызыл теңізге батып кетті
Египетте демалуға барған шетелдік туристер теңізге батып кетті. Марса-Алам қаласының жағалауында ондаған турист мінген яхта Қызыл теңізге батып кетті. Кеме бортында әртүрлі елден жиналған 31 турист және экипаждың 14 мүшесі болған. Құтқарушлыар 17 адамның денесін әлі таппай жатыр,

Египетте демалуға барған шетелдік туристер теңізге батып кетті. Марса-Алам қаласының жағалауында ондаған турист мінген яхта Қызыл теңізге батып кетті. Кеме бортында әртүрлі елден жиналған 31 турист және экипаждың 14 мүшесі болған. Құтқарушлыар 17 адамның денесін әлі таппай жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
44 метрлік яхта 24 қарашада Порт-Галиб қаласынан дайвинг-турға шыққан. Туристер араға бес күн салып Хургада-Маринаға оралуға тиіс болғанмен, кейін қайықтан апат сигналы түскен. Теңізді аралауға шыққан қайықта 31 турист және 14 экипаж мүшесі болған. Іздеу-құтқару операциясы кезінде суға батқан кемеден 28 адам шығарылды, 17 адамның денесі әлі табылған жоқ.
Almasryalyoum порталы таратқан ақпаратқа сенсек, катерде Германия, Испания, Бельгия, Қытай, АҚШ, Словакия, Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Ирландия, Финляндия және Египет азаматтары болған.
Трагедиялық жағдайдың неден орын алғаны белгісіз.
фото: sun9-79.userapi.com
Ұқсас материалдар

Әлем
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Әлем
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Әлем
NYT: АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша принципті келісімге келді
Todayinfo редакциясы·

Әлем
Иранға қатысты шешім: Трамп әскери әрекеттерді қайта бастау мерзімін атады
Todayinfo редакциясы·