Абай облысында ана мен нәрестенің өліміне байланысты тергеу басталды
Абай облысының 34 жастағы тұрғыны Гүлнәр Қайратқызы босануға өз аяғымен перзентханаға барғанымен, бірнеше күннен кейін нәрестесімен бірге қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Перзентханадағы оқиға Марқұмның күйеуінің айтуынша, әйелінің жағдайы бастапқыда жақсы болған. Алайд

Абай облысының 34 жастағы тұрғыны Гүлнәр Қайратқызы босануға өз аяғымен перзентханаға барғанымен, бірнеше күннен кейін нәрестесімен бірге қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Перзентханадағы оқиға
Марқұмның күйеуінің айтуынша, әйелінің жағдайы бастапқыда жақсы болған. Алайда екі-үш күн өткен соң ана мен сәбиі белгісіз себептермен көз жұмды.
Оқиғаның анық-қанығын тексеру үшін арнайы комиссия құрылып, ауруханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.
Жауапты тұлғаларға шара қолданылды
Тексеру қорытындысы бойынша:
Бас дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды.
Оның орынбасарлары қызметінен босатылды.
Оқиғаға қатысы бар дәрігерлер жұмыстан уақытша шеттетілді.
Сараптама қорытындысы
Медициналық сараптама нәтижесінде, мойынға жасалған инъекциядан қан тамыры зақымдалып, іштей қан кету орын алғаны анықталды. Бұл жағдай ана мен баланың өліміне себеп болған.
Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мәдениет үйлері мен заманауи музейлер: Қазақстанда мәдениет саласын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам завершения весенне-полевых работ и развития АПК
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
05 Маусым 2026, 15:35 Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Казахстане подписан закон о Президенте и институте Вице-Президента
Жаннұр Еділбаева·