Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Абай облысының прокуратурасы екі ірі зауытқа барды: жұмысшылардың мұңы тыңдалды

Абай облысының прокуратурасы «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ірі кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесіп, еңбек құқығына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Абай облысының прокуратурасы екі ірі зауытқа барды: жұмысшылардың мұңы тыңдалды

Абай облысының прокуратурасы өңірдегі азаматтардың еңбек құқығын қорғау жұмыстарын қолға алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында облыс прокуратурасы мемлекеттік еңбек инспекциясы, әлеуметтік қорғау департаменті және кәсіподақтар бірлестігімен бірігіп, «Qazaq Astyq Group» ЖШС мен «Семей цемент зауыты» ӨК еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.

Шараның басты мақсаты – жұмысшылардың құқықтық сауатын ашып, олардың заңды мүдделерінің тиімді қорғалуын қамтамасыз ету.

Кездесулер ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Қызметкерлер прокуратура және басқа да жауапты орган өкілдеріне еңбек қатынастарына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай іс-шаралар азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтып, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы сындарлы қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Абай облысының прокуратурасы екі ірі зауытқа барды: жұмысшылардың мұңы тыңдалды · Todayinfo