Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Адвокат сотталушылардан Қаржаубай Нұрымовқа моральдық өтемақы төлеуді талап етті

Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотталушылардан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық және материалдық өтемақы өндіріп алуды сұрады, деп хабарлайды Todayinfo «Абзал Шынасылдан Қаржаубай Нұрымовқа жерле

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотталушылардан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық және материалдық өтемақы өндіріп алуды сұрады,деп хабарлайды Todayinfo
«Абзал Шынасылдан Қаржаубай Нұрымовқа жерлеу рәсіміне жұмсалған шығын ретінде 2 млн 794 мың теңге өндіріп алу қажет», – деді адвокат.
Сонымен қатар, адвокат Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен қылмыстық құқықбұзушылық кезінде келтірілген моральдық зиян үшін 100 млн теңге өтемақыны ортақтастық тәртіппен өтеуді сұрады. Яғни, әрқайсысынан 50 млн теңгеден талап етілмек.
Қалған сотталушылардан ортақтасқан үлес тәртібімен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 20 млн теңгеден өндіріп алу ұсынылды. Жалпы сома – 120 млн теңге.
«Бұл өтемақы Қаржаубай Нұрымовтың анасы мен әжесінің пайдасына да есептеліп отыр. Жерлеу рәсіміне кеткен шығындар түбіртекпен дәлелденді. Ал моральдық зиян – психологиялық сараптама нәтижелері негізінде анықталды», – деді адвокат Мейірман Шекеев.

Ұқсас материалдар

Адвокат сотталушылардан Қаржаубай Нұрымовқа моральдық өтемақы төлеуді талап етті · Todayinfo