View this post on Instagram
"Әкемнің қайтыс болғанын естігенде, өзімді кешіре алмадым" (видео)
23 жастағы ер адам бұрын бұзақылық үшін сотталған еді, алайда бостандыққа шыққаннан кейін көп ұзамай тағы да қателік жасап, ұрлық жасаған. Қазір ол істеген ісінің ауырлығын толық түсінеді. Оның айтуынша, ең үлкен өкініші — өз әрекеттерімен ата-анасына ауыртпалық түсіргені. Әсірес

23 жастағы ер адам бұрын бұзақылық үшін сотталған еді, алайда бостандыққа шыққаннан кейін көп ұзамай тағы да қателік жасап, ұрлық жасаған.
Қазір ол істеген ісінің ауырлығын толық түсінеді. Оның айтуынша, ең үлкен өкініші — өз әрекеттерімен ата-анасына ауыртпалық түсіргені. Әсіресе жүрек ауруынан қайтыс болған әкесінің өлімі оны қатты күйзелткен. Бұл оқиға оған үлкен соққы болған.
– «Әкемнің қайтыс болғанын естігенде, өзімді кешіре алмадым. Сол кезде мен өз іс-әрекеттерімнің салдары қаншалық ауыр болатынын түсіндім. Енді түзеліп, анамның үмітін ақтап, бостандыққа шыққан соң жаңа өмір бастағым келеді», – дейді ол.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, сотталған азамат тәртіпті, еңбекке белсенді қатысады. Ол әлеуметтік және психологиялық қолдау алып, қоғамға қайта оралу жолында нақты қадамдар жасап жүр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Жамбылской области женщина попала под железнодорожную платформу
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахстан лидирует в СНГ и Центральной Азии по уровню человеческого развития
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Из Вьетнама в Казахстан экстрадировали фигуранта дела о хищении 2,5 млрд тенге
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Конфликт из-за старой ссоры едва не закончился трагедией в Алматы
Жаннұр Еділбаева·