Todayinfo.kz
Өзекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Түркістан облысында қараусыз қалған 2 жастағы ұл әжетханаға құлап, көз жұмды

Құтқарушылар баланың денесін сыртқа шығарды.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Түркістан облысында қараусыз қалған 2 жастағы ұл әжетханаға құлап, көз жұмды
📷 Фото: magic.com

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 шілдеде Ақсу-Жабағылы ауылында болған.

— Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен, — делінген хабарламада.

Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел медициналық жәрдем қызметі, полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының мамандары жұмылдырылды.

Құтқарушылар баланың денесін сыртқа шығарды.

Ұқсас материалдар