Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Әл-Фарабидегі ауыр апат: байлардың бассыздығы мен полицияның арсыздығын ашық айтқан заңгер танымал қамалды

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат туралы мәлімдеме жасап, полицияның қатысы болуы мүмкін деген болжамды алғаш жариялаған заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Заңгердің ұсталғаны туралы оның әріптесі Нұртуған Өмірзақ

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Әл-Фарабидегі ауыр апат: байлардың бассыздығы мен полицияның арсыздығын ашық айтқан заңгер танымал қамалды
Заңгердің ұсталғаны туралы оның әріптесі Нұртуған Өмірзақ желідегі парақшасында жазды.
– Түнгі сағат 23:45. Біз қазір полиция департаментінің алдында тұрмыз. Әл-Фараби көшесіндегі көлік апаты жайында ашық мәлімдеме жасап, біраз адамның атын айтқан Әділетхан бауырымызды тергеуге шақырған еді. Енді оны ешқандай себепсіз қамауға алды. Біз адвокат куәлігін көрсетсек те, ішке кіргізбей, еш түсініктеме бермей отыр, – деп жазды Нұртуған Өмірзақ.
Бұған дейін Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол-көлік апаты орын алып, үш адам қаза тапқан болатын. Осы оқиғаға байланысты Әділетхан Молдахан алғашқылардың бірі болып резонансты мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, сол түні Zeekr және басқа бірнеше автокөлік Достық даңғылынан бастап заңсыз жарыс ұйымдастырып, Әл-Фарабимен сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүйткіген. Сондай-ақ, заңгер кейбір көліктердің жалған нөмірмен жүргенін және олардың арасында полицияның жоғары лауазымды қызметкеріне тиесілі болуы мүмкін екенін де атап өткен еді. Қазірге дейін полиция департаменті заңгердің ұсталуы туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас материалдар

Әл-Фарабидегі ауыр апат: байлардың бассыздығы мен полицияның арсыздығын ашық айтқан заңгер танымал қамалды · Todayinfo