Танымал блогер әрі актриса Айым Сейітметова желідегі парақшасында жеке өмірі жайлы айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ол ХҚКО-ға барып, күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуға өтініш берген.
Онлайн өтінішінің қабылданбағанын айтты. Айтуынша бұл шешіміне жолдасының көзіне шөп салу түрткі болған.
"Физикалық түрде шөп салу эмоцианалды шөп салу бар кезде уақыттың еншісіндегі нәрсе. Жігіттер, аманаттарыңды бағалаңдар және сүйіктілеріңді ешқашан сатпаңдар!", - деді ол.
Айта кетейік, Айым Сейтметова актер мен актриса Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметовтің қыздары. Блогер қазіргі таңда 1 қыз тәрбиелеп отыр.




