Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Әлеуметтік желілердегі жалған ақпарат: Жүргізуші куәлігін ауыстыруда емтихан талап етілмейді

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен түрлі чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстырмаса, кейін міндетті түрде теориялық емтихан тапсыру қажет болады деген ақпарат кең таралуда. Алайда бұл ақпарат жалған, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігі,деп хабарлайды Today

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Әлеуметтік желілердегі жалған ақпарат: Жүргізуші куәлігін ауыстыруда емтихан талап етілмейді
Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен түрлі чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстырмаса, кейін міндетті түрде теориялық емтихан тапсыру қажет болады деген ақпарат кең таралуда. Алайда бұл ақпарат жалған, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігі,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібіне ешқандай өзгеріс енгізілмегенін ресми түрде растады. Жүргізуші куәлігін жаңарту үшін азаматтардан келесі құжаттар ғана талап етіледі:
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін цифрлық құжаттар;
  • Мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын түбіртек.
Егер жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болса, қосымша медициналық анықтама сұралады. ІІМ атап өткендей, жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелеріне қатысты емтихан тапсыру талап етілмейді. Бұл талап тек алғаш рет куәлік алушыларға немесе жүргізушілік құқығынан айырылғаннан кейін қайта қалпына келтірілетін жағдайларға ғана қатысты. Министрлік азаматтарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды. Мұндай жалған хабарламалар азаматтар арасында небәрі дүрбелең мен түсінбеушілік тудырады.  

Ұқсас материалдар

Әлеуметтік желілердегі жалған ақпарат: Жүргізуші куәлігін ауыстыруда емтихан талап етілмейді · Todayinfo