«Әрқайсысының орташа жалақысы – 760 мың теңге»: Самұрық-Қазына 700-ден аса қызметкерін қысқартпақ
"Самұрық-Қазына" ұлттық қоры Астанадағы әкімшілік және басқарушылық қызметкерлерінің 11%-ын қысқартуды жоспарлап отыр. Компания осылайша 2026 жылы 5 миллиард теңге үнемдемек, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. "Самұрық-Қазына" жалпы алғанда 729 әкімшілік және басшылық

"Самұрық-Қазына" ұлттық қоры Астанадағы әкімшілік және басқарушылық қызметкерлерінің 11%-ын қысқартуды жоспарлап отыр. Компания осылайша 2026 жылы 5 миллиард теңге үнемдемек, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
"Самұрық-Қазына" жалпы алғанда 729 әкімшілік және басшылық қызметкерді немесе 11%-ын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл қызметкерлердің орташа жалақысы – 762 000 теңге.
Сонда 2026 жылдың алғашқы үш тоқсанында жалақыдан шамамен 5 миллиард теңге үнемделеді. Жұмыстан босатылған қызметкерлерге еңбек заңнамасына сәйкес өтемақы төленеді. Оларға бір орташа айлық жалақы, сондай-ақ қолданыстағы ұжымдық келісімдер мен жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімдер бойынша төлем беріледі.
Қордың құрамына "Қазақтелеком", "Қазатомөнеркәсіп", "ҚазМұнайГаз", "KEGOC" және басқа да компаниялар кіреді.
Еске салайық, бұған дейін мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров QazaqGaz ұлттық компаниясының жұмысын сынға алып, штат санын қысқартуды ұсынды. Оның айтуынша, жылына шамамен 350 миллион текше метр газ өндіретін компанияда 10 мыңнан астам қызметкердің болуы тиімділікке күмән тудырады. Саиров үнемделген қаражатты өңірлерді, әсіресе Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын газдандыруға бағыттау қажет екенін айтты. Ол ауыл тұрғындарының әлі күнге дейін көмір мен тезек жағып отырғанын “ұят жағдай” деп бағалады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане подписан закон о Президенте и институте Вице-Президента
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
На границе Казахстана изъяты наркотики, оружие и товары на сотни миллионов тенге
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Экологические вопросы Каспийского моря обсудил Маулен Ашимбаев с жителями Атырау
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы мен Openai серіктестігінің алғашқы нәтижелері ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·