Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Әскери қызметшіні оқытуға кеткен қаражат мемлекетке қайтарылды

Сот теріс себептермен жұмыстан шығарылған әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтарды, деп хабарлады Todayinfo   тілшісі. Алматы гарнизонының әскери сотында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Алматы облысының Қорғаныс істері департам

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Әскери қызметшіні оқытуға кеткен қаражат мемлекетке қайтарылды
Сот теріс себептермен жұмыстан шығарылған әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтарды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Алматы гарнизонының әскери сотында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Алматы облысының Қорғаныс істері департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің есебінен әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған 645 534 теңге бюджет қаражатын мемлекет кірісіне өндіру мақсатында сот бұйрығын шығару туралы арызы қаралды. Аталған азамат 2019-2021 жылдар аралығында Құрлық әскерлерінің Әскери институтында оқыған. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 40-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына және бұрын жасалған келісім-шартқа сәйкес ол әскери оқу орнында белгіленген оқу мерзімін және офицерлік құрамдағы оқу орнын бітіргеннен кейін он жыл әскери қызмет өтілін қамтитын мерзімге әскери қызмет өткеруге тиіс болатын. Алайда, Әскери институт бастығының 2021 жылғы 19 тамыздағы бұйрығына сәйкес, қызметкер теріс себептермен жұмыстан босатылып, осыған байланысты бұрын жасалған келісімшарт бұзылған. Келісімшарт талаптарының бұзылуына байланысты арызданушы оқуға жұмсалған ақшаны өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.
"Заңның 26-бабының 10-тармағына сәйкес «Оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №372 бұйрығының негізінде соттың әскери оқу орындарындағы, әскери факультеттердегі әскери қызметшілерден мемлекет пайдасына К.-дан бюджет қаражатын өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды", – делінген Әскери сот хабарламасында.
Сот бұйрығы орындауға жіберілген.
 

Ұқсас материалдар

Әскери қызметшіні оқытуға кеткен қаражат мемлекетке қайтарылды · Todayinfo