Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Ағашқа асылған Ан-2 ұшағы: Алматы облысында әуе кемесі тауға соғыла жаздап, шұғыл қонып үлгерді

Әуе кемесі тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына түскен

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Ағашқа асылған Ан-2 ұшағы: Алматы облысында әуе кемесі тауға соғыла жаздап, шұғыл қонып үлгерді
📷 instagram.com/esik.issyk.reklama.jarnama видеосынан скрин

Алматы облысындағы таулы аумақта Ан-2 ұшағы қону кезінде зақымданды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Кадрлардан әуе кемесінің тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына қонғанын көруге болады. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында болған. Жақын маңда әуежайлар жоқ.

Көлік министрлігі авиациялық оқиға болғанын растады.

«Авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы мәліметтерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес... UP-A0091 тіркеу нөмірлі Ан-2 әуе кемесімен болған авиациялық оқиға адам шығыны жоқ авиациялық оқиға (авария) ретінде тіркелді және оны Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексереді», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Министрліктің мәліметінше, Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті болған жағдайдың мән-жайын анықтау жұмыстарын бастап кеткен. Оқиға орнына департамент қызметкері жіберілді.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ.


Ұқсас материалдар