Ағаш кесу, ақша жымқыру: Белгілі белсенді Санжар Боқаев Алматыда ұсталды
Алматыда белгілі қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Ол жалған ақпарат тарату, ағаш кесуді ұйымдастыру және алаяқтық бойынша күдікке ілінді.

Алматыда танымал қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Бас прокуратура оған бірнеше ауыр қылмыс бойынша айып тағылып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ведомствоның хабарлауынша, Боқаев бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде саябақтардағы ағаштардың заңсыз кесілуі және құрылыс алаңдарынан ұрлық жасалуы туралы жалған видеолар таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруды көздеген.
Сонымен қатар, Боқаев осы қылмыстарды өзі ұйымдастырып, қаржыландырған деп айыпталуда. Ол бұл іске табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшаға ағаш кесуді және ұрлық жасауды тапсырған.
Бұдан бөлек, белсендіге аса ірі көлемде алаяқтық жасады және қомақты қаржыны жымқырды деген айып тағылды.
Қазіргі уақытта істің басқа мән-жайы тергеу құпиялылығына байланысты жария етілмейді.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Индии скончался 16-летний пациент: его мать добивается перевозки биоматериала в Казахстан
Жаннұр Еділбаева·