Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев ұялы байланыс сапасын арттыру үшін операторлар телекоммуникация желілерін талдау үшін жасанды интеллект енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жүйе желідегі жүктемені, пайдаланушылардың тығыздығын және станциялардың орналасуын талдап, болжайды. «Бұл инженерлердің қатысуынсыз ресурстарды автоматты түрде қайта бөлуге көмектеседі. Алаяқтықпен күресу аясында AI-антифрод жүйесін енгізу жоспарлануда. Жаппай қоңырау шалу, нөмірді ауыстыру немесе алаяқтық схема белгілері кезінде жүйе қоңырауды секундтың бір бөлігінде – абонент трубканы көтермей тұрып-ақ бұғаттайды», – деді Мадиев.
Ол сондай-ақ инсультті ерте диагностикалауға арналған Cerebra AI жүйесі туралы айтты. «Ол КТ-суреттерді 30 минуттың орнына 5-10 минут ішінде талдауға мүмкіндік береді. Бұл инсульт диагностикасын едәуір жылдамдатады және оның дәлдігін арттырады. Жүйе елорданың 17 емханасына, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарына енгізілді», – деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап инсультке күдікпен 7,6 мыңнан астам пациенттің деректері талданды. Өлім-жітім деңгейінің 40%-ға төмендегені, сондай-ақ уақтылы ем алатын пациенттер үлесінің 150%-ға өскені байқалады.




