Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Мемлекеттік қызметтегі әйелдің үлгісі»: қазақстандықтар Аида Балаеваны туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін - Аида Балаеваның туған күні. Ол Алматы облыстық әкімдігінен бастап Ақордаға дейінгі жолды жүріп өткен тәжірибелі мемлекеттік қызметкер, қазіргі таңда министр, сондай-ақ — ананың, қыздың, әпкенің рөлін қатар алып жүрген жан,деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттіг

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Мемлекеттік қызметтегі әйелдің үлгісі»: қазақстандықтар Аида Балаеваны туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін - Аида Балаеваның туған күні. Ол Алматы облыстық әкімдігінен бастап Ақордаға дейінгі жолды жүріп өткен тәжірибелі мемлекеттік қызметкер, қазіргі таңда министр, сондай-ақ — ананың, қыздың, әпкенің рөлін қатар алып жүрген жан,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Динара Сәтжан Instagram желісіндегі парақшасында Аида Ғалымқызына деген шынайы ықыласын білдіріп, оның мемлекеттік қызметтегі әйелдерге үлгі екенін атап өтті.

«Мен Аида Балаеваның “Қазақстан саясатындағы әйелдің қалай жоғары лауазымға жетуіне болатыны” туралы дәрісін тыңдауға асық болар едім», – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Динара Сәтжан министрге:

«Күшті иммунитет, мол энергия және әрі қарайғы кәсіби табыс тілеймін!» – деген жүрекжарды тілегін жолдады.

Сондай-ақ, көптеген мәдениет қайраткерлері, өзге де танымал тұлғалар Балаеваны құттықтаған. Одан бөлек әлеуметтік желідегі оқырмандары да министрді төл мерекесімен жаппай құттықтап жатыр.

Ұқсас материалдар