Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

"Айсұлтан Назарбаевты Дариға тумаған": танымал журналист сұмдық дерек айтты

Танымал журналист Гүлжан Ерғалиева марқұм Айсұлтан Назарбаевтың өмірі мен оның Назарбаевтар әулетіндегі орнына қатысты резонансты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қоғамда қалыптасқан ресми нұсқа шындыққа жанаспауы мүмкін. Журналист Айсұлтанның биологиялық анасы Дариға Назарбаева

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
"Айсұлтан Назарбаевты Дариға тумаған": танымал журналист сұмдық дерек айтты

Танымал журналист Гүлжан Ерғалиева марқұм Айсұлтан Назарбаевтың өмірі мен оның Назарбаевтар әулетіндегі орнына қатысты резонансты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қоғамда қалыптасқан ресми нұсқа шындыққа жанаспауы мүмкін.

Журналист Айсұлтанның биологиялық анасы Дариға Назарбаева емес екенін алға тартты. Ерғалиеваның сөзіне сенсек, бұл жайт кезінде экс-президентке ықпал етудің басты құралына айналған.

«Дариға тумаған, басқа әйелден»

Гүлжан Ерғалиеваның пайымдауынша, Айсұлтан мүлдем басқа әйелден дүниеге келген, алайда ол кісі кейіннен өмірден өткен. Журналист бұл отбасылық құпияның ашылмауы ұзақ жылдар бойы саяси тепе-теңдікті сақтау үшін маңызды рөл атқарғанын айтады.

«Айсұлтан Назарбаевты Дариға Назарбаева тумаған. Ол басқа бір әйелден жаратылған. Осы жағдай экс-елбасының қызы Дариға мен күйеу баласы Рахатқа неге қарсы тұра алмағанын түсіндіреді», – дейді Ерғалиева өз сұхбатында.

Айсұлтанның өз сөзі шындық па?

Бұл тақырып қоғам үшін мүлде жаңалық емес. Журналист марқұм Айсұлтанның көзі тірісінде жариялаған шулы жазбаларын еске салды.

Сол кезде Айсұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің «атасының жиені емес, ұлы екенін» меңзеп, анасының (Дариғаның) экс-президентті «уысында ұстауының» басты себебі осы деп жазған болатын.

Гүлжан Ерғалиеваның пікірінше, дәл осы «құпия құжат» Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің билік дәлізіндегі ықпалының шексіз болуына мүмкіндік берген.

 
View this post on Instagram
 

A post shared by Elmedia (@elmedia_kz)

Ұқсас материалдар

"Айсұлтан Назарбаевты Дариға тумаған": танымал журналист сұмдық дерек айтты · Todayinfo