Елді дүр сілкіндірген Айзат Жұманованың өліміне қатысты атышулы іске нүкте қойылды. Апелляциялық сот марқұмның күйеуі Айбар Жанболатқа шығарылған 14 жылдық үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Сот процесі кезінде екі тарап та бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымданған. Жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушыға берілген жазаны тым жеңіл деп санап, оны қатаңдатуды талап етті. Ал айыпталушының қорғаушысы, керісінше, жаза мерзімін қысқартуды сұраған.
Алайда апелляциялық алқа іс материалдарын қайта қарап, айыптаудың «Адам өлтіру» бабымен дұрыс сараланғанын растады. Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін заңды деп тауып, оны өзгертуге ешқандай негіз жоқ деген қорытындыға келді.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Айбар Жанболатты әйелі Айзат Жұманованы өлтірді деп танып, оны 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Фото: Әлеуметтік желіден




